• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:16:56
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2019 Әлеумет

Нәресте өлімінің себебіне Ислам қалай жауап береді?

Атынан  адам үркитін небір зұлматтардың бірі – кенеттен болатын нәресте өлімі синдромы.

Атынан  адам үркитін небір зұлматтардың бірі – кенеттен болатын нәресте өлімі синдромы (СВДС – синдром внезапной детской смерти). Бұл – бір жасқа дейінгі нәрестелерде тыныс алудың тоқтатылуынан болатын өлім. Ғалымдар мұндай өлімнің себебін анасының шылым шегуі немесе алкогольге құмарлығынан деп айтқан. Шетелдік кейбір зерттеулерде баланың ерте шетінеуіне ішпен жату себеп делінді. Алайда нақты себептерді ешбір ғалым келтіре алмады. Бүкіл әлемнің педиатр, неантолог дәрігерлері, ғалымдары бірлессе де, шешімін таба алар емес. Жалпы болжамдар төмендегідей:

Гипотезалардың біріне сәйкес, нәресте жатырда жатқан кезін түсінде көреді де, өкпемен демалудың орнына,, кіндікпен демалады. Соның салдарынан өкпесі тарылып, тыныс алу тоқтайды.

Мұндай үдеріс батыс елдері, Таяу Шығыстағы яһудидер елінде және кәрі құрлықта көптеп кездеседі екен. АҚШ-та жылына 7-9 мыңнан аса нәресте осы тажалдан шетінейді.

Екінші гипотезаға сәйкес, нәрестелерде бұл өлімге деген бейімділік жатырда қалыптасады екен. Бірақ қалай және қашан екені ғылымға әлі күнге дейін белгісіз.

Ғылымға белгісіз бұл нәубет әл Мисақтағы оқиғаны еске салады. «Раббың адамның бүкіл үрім-бұтағының беліндегі ұрпақтарын шығарып алып, оларды өз-өздеріне куә етіп: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» дегенде, барлығы бірауыздан «Әлбетте, біз бұған куәлік етеміз!» деп жауап береді. Біз мұны қиямет күні: «Расында, біз бұдан бейхабар едік», - деп сылтау айтпауларың үшін істедік» (Әғраф сүресі, 172-аят).

Пайғамбарымыз (с.а.у.):

«Барлық балалар мұсылмандыққа бейім болып туады. Кейін оларды ата-аналары христиан, яһуди және дінсіз етеді», - деді.

Келтірілген Құран-Кәрім аяты мен хадис шәрифтен нәрестенің шетінеп кетуін не байланыстырады? Неліктен кішкентай ғана кіршіксіз жан иесі жарық дүние көрмей жатып о дүниелік болады?

Біздің пайымдауымызша, әлгі әлем ғалымдары іздеген мәселе физиологиялық жағдайға емес, рухани әлемге байланысты.

Нәрестелердің оқыстан қайтуын санақтан өткізгенде, Еуропа мен Американың тұрғылықты халқында көп кездесетіні анықталды. Әсіресе басқа дін өкілдерінде. Мұсылман емес отбасында туған шақалақ сол бір отбасының тура дінде жүрмегендігін сезгендіктен дүние есігін аша сала Аллаға кері қайтады-мыс.

Ол мұсылман боп туғанымен болашақта ата-анасы мен отбасының дініне айналатынын сезген. Ол сәби саф алтындай таза өзінің діңгегінен-дінінен айырылмайтындығын, періштедей таза сәби әл-мисақтағы уәдесін бұзғысы келмегендігін дәлелдеген деп болжадық.

Ал неге қазақ елінде ондай жағдай көп тіркелмеген. Оның себебін қазақ ата-дәстүріне шолу жасау арқылы анықтаймыз.

Бала дүние есігін ашқаннан кейін жасалатын алғашқы мереке – шілдехана. Мәні нәрестені қорғап, «күзету» деген сенімге саяды. Сондықтан оны «Шілде күзет» деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, қорғау дегеннен туындаған. «Чілле» парсы тілінен аударғанда «қырық» деген мағынаны береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.

Ал әлгі аяқасты ажал (СВДС) зерттеулерде көрсеткендей 2-4 ай аралығында ең көп тіркеледі екен. Бұл мерекеде алыс-жақындардан сүйінші сұрап, туыс-тума нәрестелі үйге «бауы берік болсын» айтып, сыйлықтарын беріп, адал ниетпен Пайғамбар айтқан жарты құрмамен болсын тозақ отынан қорған ұранын жандандыру ырымы.

Дүниеге келгенінен қырық күн толғаннан кейін сәбидің шашы, тырнағы алынады. Алдымен баланы 40 қасық суына жуындырады. Ұрпағы өсіп-өнген қария әже суды баланың үстіне құйып тұрып «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деп тілек айтып бата береді. Бұл тойға жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап 40 қасық су құяды, шомылдырған ыдысқа «Күні күмістей жарқырап тұрсын» деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі.

Бұл ырымдар мен жөн-жоралғылар толып тұрған садақа берудің жолдары екен. Садақа – пәле-жаланы жоятын амал емес пе? Алда келе жатқан бәле-жаланың алдын алады. Міне, XXI ғасырда, ғылым мен техника қарыштау заманында бұл оқиға да Алла Тағала аятының әрі адамзатың ардақтысы болған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар хадисінің тылсым сырларынан бір үзінді.

Данияр Асылбеков

Ескерту: Автордың пікірі Qamshy.kz ақпарат агенттігінің позициясына сай келмеуі мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір