• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:51:40
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2018 NEWS

Намазға қарсы шығып, масқара болған мұғалім жазаға тартылды

Тараз қаласындағы намаз оқыған оқушыларды балағаттаған "Атлетик" спорт кешенінің жаттықтырушысы жұмыстан қуылды.

Тараз қаласындағы намаз оқыған оқушыларды балағаттаған "Атлетик" спорт кешенінің жаттықтырушысы жұмыстан қуылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Футбол бөлімінің жаттықтырушысы Баетов Алмат Сейтнасимұлы 1966 жылы туған. 1985 жылдан бастап тәжірибесі бар жоғарғы санатты жаттықтырушы. Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернатында 2011 жылдан бері жұмыс атқаруда.

Жаттықтырушы А. Баетовтың іс-әрекеті педогогикалық тәрбиеге сай келмегендіктен, жұмыстан босатылды.Сонымен қатар, діни көзқарас бойынша мәселелерге зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады", - дейді Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Еске салсақ, Тараз қаласындағы Атлетик спорт мектебінің спорт жаттықтырушысы Алмат Сейтнасимұлы намаз оқып жатқан оқушыларды балағаттап, желкелеп, бөлмеден қуып шыққан. Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын.

Өз кезегінде ҚМДБ мұғалімнің бұл әрекетін адамдыққа жат қылық екенін айтып, қатаң айыптады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір