• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:51:21
Алматы
+35°

facebook қолданушысы Аида Джексон ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға ұсыныс тастады.

«Құрметті Тамара Босымбекқызы! Міндетті медициналық аударымдар туралы заңды тамаша өткізе алдыңыз. Енді соның есесінің қайтарымы ретінде біздің жұмыс күнімізге Швецияның тәжірибесін енгізсеңіз. Өйтпеген жағдайда көптеген шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер динозаврлар секілді жоқ болып кетеді. Жыныстың қатынас дегеннің не екенін білесіз бе? Википедиядан қарауға кеңес беремін. Сәттілік!» деп жазды Аида Джексон.

Айта кетейік, шведтік саясаткер жұмыс күні қызметкерлер үйіне барып жыныстық қатынасқа түсу үшін үзіліс жасауды ұсынды. Бұл туралы қалалық кеңестің мүшесі Эвертурнео Пер-Эрик Мускос France-Presse-ке берген сұхбатында айтты. Ол ғалымдардың жыныстық қатынастың пайдасы туралы айтқанын тілге тиек етті. Депутаттың ойынша қазір шведтік жұптар жеткілікті деңгейде бірге уақыт өткізбейді. Десек те, Мускос аталған ұсыныс қабылданған жағдайда шведтер үзілісті басқа мақсатты қолдануы мүмкін екенін де айтып өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір