• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:18:29
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Министр: Үміткерлер теледебатқа түседі

Дегенмен, Ақпарат және қоғамдық даму министрі теледебаттың бағыты мен ол жерде талқыланатын тақырыптар жөнінде тіс жармады.

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткерлер теледебатқа түсуі мүмкін. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Менің білуімше, үміткерлер теледебатқа түсуі мүмкін. сонымен қатар, бұл пікірталас тікелей эфирде болуы шарт", - деді министр.

Дегенмен, Ақпарат және қоғамдық даму министрі теледебаттың бағыты мен ол жерде талқыланатын тақырыптар жөнінде тіс жармады.

Оның айтуынша, кандидаттар өзара пікірталасқа түседі. Мәселенің мән-жайы кейін анықталатынын жеткізген министр өзге сұрақтарға әзір жауап бере алмайтынын жеткізген. 

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір