• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 07:33:12
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2019 NEWS

Министр өзінің орынбасары Мадина Әбілқасымова туралы: Әлеуметтік желідегі пікірлерді оқымадым

Руслан Дәленовтің айтуынша, министрдің орынбасарлары үкіметтің шешімі арқылы тағайындалады.

Ұлттық экономика министрі өзінің бірінші министрі Мадина Әбілқасымованың жаңа қызметі туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Руслан Дәленовтің айтуынша, министрдің орынбасарлары үкіметтің шешімі арқылы тағайындалады. 

"Мәдина Әбілқасымова бұған дейін де ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеген, халықаралық блокпен айналысты. Қазір де сол жұмысын жалғастырады", - дейді Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ ол орынбасарларының бұрынғы қызметі туралы түсініктеме бермейтінін тілге тиек етті. 

"Мен оларға тапсырма беріп, сол тапсырманың мінсіз орындалғанын талап етемін. Осымен болды", - дейді. 

Министр қазақстандықтардың Әбілқасымованың жаңа қызметке тағайындалуын қалай қабылдағанынынан хабарсыз. Әлеуметтік желідегі пікірлерді оқымаған.  

"Жалақы арнайы кестемен реттеледі. Вице-министрдің жалақысы министрдің жалақысына қарағанда төмен болып келеді. Бұл лауазымының төмендегінін білдіреді", - дейді Дәленов.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір