Министр неліктен әйелдердің бетін жабуына тыйым салынғандығын түсіндірді

Министр неліктен әйелдердің бетін жабуына тыйым салынғандығын түсіндірді
ⒸStan.kz

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев жұмыс сапармен Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сапар аясында министр алдымен облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Темір ауданына қарасты Кеңқияқ, Шұбарши ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда Дархан Кәлетаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын түсіндіріп, халықпен пікір алмасты.

Кездесу барысында министр дін саласындағы заңнамада бет-әлпетті жабуға тыйым салудың не себепті енгізіліп отырғанын айтты.

«Бет-әлпетті жабу қазақ халқына жат. Бұл тарихымызда да, мәдениетімізде де болмаған. Сондықтан әйелдердің бет-әлпетін жабуын заңды түрде тыйым салып отырмыз. Бұл тұрғыда қоғамда дұрыс пікір бар, көпшілігі қолдап отыр», - деді Д. Кәлетаев.

Сонымен қатар, Дін істері және азаматтық қоғам министрі мектепте орамал тағу мәселесіне орай өз пікірін білдіріп, мектептің талабын ұстану қажеттігін баса айтты.

Дархан Кәлетаевтың айтуынша, осындай талаппен қатар, альтернативті жолы да бар. Оның бірі – қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып үйде оқыту. Министр бұл мәселе бойынша Білім және ғылым министрімен пікірлесіп жатқанын және бұл бағытта жұмыстардың жалғасып жатқанын атады.

Ақтөбе өңіріне сапар барысында министр Темір ауданының орталығында аудан активімен және ардагерлер, теолог-имамдармен, сонымен қатар, аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелерімен кездесті.

Түстен кейін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Алға ауданындағы Бестамақ ауылында болып, Ақтөбе облысындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдарымен кездесті.

Министр өз сөзінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға толықтырулар енгізу қажеттілігін уақыттың өзі көрсетіп отырғанын айтты.

«Кейбір топтардың осы заңнама жобасын «ислам дінінің мүдделеріне қайшы келеді, мұсылмандарға қарсы бағытталған» деген жалған мәлімет таратып жүргенін де жасыруға болмайды. Бұл мәліметтер мүлде негізсіз», - деп мәлідеді Д. Кәлетаев.

Осы ретте, министр имамдарды заңнама жобасына барынша қолдау білдіріп, аталған заң жобасының пайдасын, артықшылықтарын халыққа толықтай түсіндіруге атсалысуға шақырды.

Дархан Кәлетаев дін саласында имамдармен бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі алты бағытына тоқталып өтті. Олар: теріс діни ағымдардың қызметіне тосқауыл қою; деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардың білімі мен білігін көтеру; діни экстремизм мен радикализм идеялары таралуының алдын алуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына тұрғындарды кеңінен қамту; жастардың бойында радикалдық идеяларға қарсы нөлдік иммунитетті қалыптастыру; мешіт имамдарының уағызын «Уағыз айтудың бірыңғай тәртібінде» бекітілген қағидат бойынша жүзеге асыру; «Мешіттердің ішкі тәртіп ережесін» жетілдіру.

Дархан Кәлетаев деструктивті діни ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен теологтардың білімі мен білігін көтеруде Діни Басқарманың Ақтөбе облысындағы уәкілдігіне жергілікті имамдар мен теологтардың резервін қалыптастыруды ұсынды. Қалыптасқан резерв бойынша «Нұр-Мүбарак» университетіне біліктілікті көтеруге имамдар мен теологтар жіберіліп отыратын болады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Темір ауданының орталығындағы «Досжан ишан» мешітінің және Алға ауданындағы «Ақтөбе медресе» колледжінің қызметтерімен танысты.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    22/05 13:11 0 44
    2
    Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
    22/05 12:51 0 167
    3
    Ажал апанына айналған кен орны
    22/05 12:39 0 78
    Ұлттық банк елордаға көше ме?
    22/05 12:18 0 122
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    22/05 11:55 0 240

    Таныстырылғандар

    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    8 жылға бас бостандығынан айырылған ғалым ақталып шықты
    Жазықсыз түрмеге жабылған ғалым ол кезде 50 жаста болған.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 23:51 0 431
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Алматы облысында жоғалған қыз өлі күйінде табылды
    Естеріңізге сала кетсек, із-түзсіз жоғалған қызға мемлекетаралық іздеу салынған болатын...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 03:46 0 5417
    Алматы облысында өлі күйінде табылған қызға қатысты мәліметтер пайда болды
    Алматы облысында өлі күйінде табылған қызға қатысты мәліметтер пайда болды
    Алматы облысында өлі күйінде табылған қызға қатысты мәліметтер пайда болды
    18 жасар Айгүл Амангелдіні іздестіру барысында өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат rozysk_kz Instagram-парақшасында жарияланған болатын...
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 10:14 0 1698
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Ішімдікке сылқия тойған әйел бала ұрламақ болды (видео)
    Желі қолданушылары бұл оқиғаны сәтсіз шығып қалған "бала ұрлау операциясы" деп атауда.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 12:36 0 547
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Қадыров жас талантқа пәтер сыйлады
    Грозный қаласының орталығынан, жиһаздармен жабдықталған 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:58 0 307
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада Hyundai және Skoda автосаландары өртке оранды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 23:03 0 255
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    "Журналист болғың келе ме?" байқауы өз мәресіне жетті
    Форумды Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы кіріспе сөзбен ашып, байқауға қатысушыларға сәт-сапар тіледі.
    19/05/2019 03:54 0 60
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны құлдилап барады
    Доллар құны күннен күнге төмендемек
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 13:55 0 2220
    Жанқош Тұраров: Бәрі Головкиннің өзіне байланысты
    Жанқош Тұраров: Бәрі Головкиннің өзіне байланысты
    Жанқош Тұраров: Бәрі Головкиннің өзіне байланысты
    Кімді андеркардқа қояды, кімді қоймайды, өз еркінде!
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 14:29 0 472
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Алматы облысында имам зина жасап, отбасылы әйелді өлімге душар етті (видео)
    Зорлық- зомбылыққа шыдай алмай, өзін құрбан еткен әйелдің артында күйеуі және үш баласы қалды.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 15:20 0 15533
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    «Рамазан ата» өкілдіктен ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларына қатысады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 17:40 0 249
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 03:58 0 217
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    Әлеуметтік желіде президент сайлауының үміткері, коммунист Жамбыл Ахметбекті халық сынға алды
    22/05/2019 11:31 0 150
    Халық Қосановқа қаражатын қимай  ма?
    Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
    Халық Қосановқа қаражатын қимай ма?
    Алда келе жатқан сайлау науқанына үміткер Әміржан Қосановты жақтағаны сонша, ел ішіндегі қауесеттен ақтап алғысы келді
    22/05/2019 12:51 0 179
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    Назарбаевтан "Шындыққа" дейін
    Жастар қолдап жатыр
    22/05/2019 13:11 0 75