• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:37:08
Алматы
+35°

25 Қазан, 2016 NEWS

Министр: Банкке шабуыл жасағандардың радикалдарға еш қатысы жоқ

ҚР ІІМ басшысы Алматыдағы банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды

ҚР ІІМ басшысы Алматыдағы банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Әзірге оқиғаның радикалдармен байланысын қарастырып жатқан жоқпыз. Меніңше, бұл жай ғана шабуыл. Қылмыскерлер банктің жұмыс тәртібін алдын ала бақылап жүрген, қазір осы банкті тексеретін боламыз. «Центркредитбанк» кеңседе орналасқан, таң атпай онда ақша алып келген, ақшаны күзетші қабылдап алған. Күзетші дәретханаға шығып кеткен кезінде олар күзетшімен бірге (ақша тұрған қоймаға – агенттік) кіріп, ақшаны тонамақ болған. Күзетші қаруын – травматикалық тапаншасын – алып шығып, бірақ оқ атып үлгермепті. Қаскөйлер тапаншасын тартып алған, сол сәтте банктің басқа қызметкерлері келіп қалып, қаскөйлер тайып тұрған. Қазір қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді министр Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысынан кейін журналистердің сәйкес сұрақтарына жауап берген кезінде.

Министр атап өткендей, травматикалық тапаншаны қылмыскерлер сол күйі өздерімен бірге алып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда «Центркредит» банкінің бөлімшесіне шабуыл жасалды. Ақша тонап үлгермеген қылмыскерлер өздерімен банк күзетшісінің тапаншасын алып кеткен. Алматыда «Сирена» арнайы операциясы жарияланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір