• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:50:22
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2019 Әлеумет

Миллионерге әйелдердің ерлерден мықты екенін мойындауына бір күн жеткілікті болды

Әрі жұмыс істеп, әрі бала бағып үлгеретін әйелдердің ерлерге қарағанда әлдеқайда мықты екенін де мойындаған.

Кей ер адамдарға әрі жұмыс істеп, әрі бала бағып отырған әйелерді түсіну қиынның қиыны. Әйелдер мұны ер азаматтарға түсіндіру үшін "өздеріне бала баққызып қою керек" деп ойлайды. Алайда олар шыдасын ба?.. Жарты сағат өтер-өтпес телефоныңа маза болмасы анық. Ал үндістандық миллионер 1 жастағы немересіне бір күн бойы өзі қараған. Құдайларынан кейін аналарына тағзым жасайтын үнді халқынан шыққан мультимиллионердің бір күн ішінде аналарға деген құрметі екі есеге артыпты. 

Бұл туралы Mahindra Group ірі компаниясының төрағасы Ананд Махиндра Твиттер желісіндегі парақшасына жазған.  

Махиндра Твиттердегі парақшасында ер адамдар мен әйелдердің айырмашылығын бейнелейтін картинаны (басты суретте - ред.) салып, «Мұның мәнісін енді түсіндім» деп жазды.

Сонымен қатар, әрі жұмыс істеп, әрі бала бағып үлгеретін әйелдердің ерлерге қарағанда әлдеқайда мықты екенін де мойындаған. 

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір