• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:45:04
Алматы
+35°

07 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

Мьянма билігі елден қашқан мұсылмандарды кері қайтармаудың амалын тапты

Күні кеше шекара аумағында екі жарылыс болып, соның салдарынан екі баланың зардап шеккені анықталды. Олар Бангладештің ауруханасына жеткізілді.

Мьянма билігі елден қашқан рохинджаларды кері қайтармас үшін шекараға миналар орнатып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп хабарлады.

Зорлық-зомбылықтан қашқан Мьянма мұсылмандары Бангладешке қарай аттанған болатын. Мьянма билігі қашқан мұсылмандарды кері қайтармас үшін шекара түбін миналап жатқан көрінеді. Күні кеше шекара аумағында екі жарылыс болып, соның салдарынан екі баланың зардап шеккені анықталды. Олар Бангладештің ауруханасына жеткізілді.

Екі аптаның ішінде Мьянма билігінің зорлық-зомбылық әрекеті нәтижесінде 123 мың адам елден қашып, 400-ден астам адам қаза тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір