• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:58:09
Алматы
+35°

30 Қыркүйек, 2017 NEWS

Мумбайдағы темір жол вокзалында нөсердің салдарынан 22 адам қаза тапты

Мумбай темір жол вокзалында жаяу жүргіншілерге арналған екі станция арасын қосатын көпірде 22 адам қаза тауып, 32-сі ауыр жарақаттанды

Мумбай темір жол вокзалында жаяу жүргіншілерге арналған екі станция арасын қосатын көпірде 22 адам қаза тауып, 32-сі ауыр жарақаттанды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға таңертеңгі асығыс сағаттарда «Elphinstone» аялдамасында маңызды жергілікті жолдарды қосатын жерде орын алған.

Сенімді ақпарат көздері «оқиғаның себебі жауыннан пана іздеген жүргіншілердің бір орынға топталуынан туындады»,- деп отыр. Зардап шегушілер ең жақын шақырымдағы ауруханаға жеткізілген.

«Қайғылы жағдай қатты жауған нөсердің әсерінен болған, жүргіншілер көпірдің астына тұрақтаған. Алдыңғы қатарда тұрған адамдар жығылып қалып, артында тұрғандарды да қоса құлатқан. Олар аталмыш жерден естері шығып жүгіріп бірін-бірі итермелеген. Қаза тапқан 22 адам ішінде 14 еркек пен 8 әйел бар»,-деді индиялық теміржол қызметінің өкілі Равиндра Бхакар.

Жарақаттанғандардың бірі, Акаш есімді жігіттің айтуынша: «Жолаушылар пойызы айналып жатқан, кейбір жүргіншілер аялдамадан сыртқа шыққысы келді, алайда басқалар оларға жол бермеді. Сыртқа шығамын деп беттеген адамдардың әрекеттері паникалық жағдай туғызды».

Индияның Премьер-Министрі Нарендра Моди өзінің Твиттердегі жазбасында «Мумбайда орын алған қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтатындығын және жарақаттанғандар мен  қаза тапқандардың жақын-туыстарына шама келгенше көмек көрсететіндігін» айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір