• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:12:12
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Мұхит тұңғиығында қоқыс қайдан жүр?

Өлі киттің ішінен 22 келі пластмасса қалдықтары шыққан.

Америкалық ғалымдар Мариана шұңғымасының түбінен шаян тәрізділердің төрт жаңа түрін, пластикалық пакет және конфет қаптамаларының қалдықтарын тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтының дерегін негізге алып.

Зерттеу жұмыстарын Виктор Весоков бастаған «Бес тереңдік» зерттеу экспедицисының қатысушылары жүргізген. 

Экспедиция басшысы Виктор Весоков арнайы дайындалған батискафпен (терең суда зерттеулер жүргізуге арналған өздігінен жүзетін аппарат) Мариана шұңғымасының 11 шақырым тереңдігінде 4 сағатқа жуық уақыт болған. Бұл тарихтағы адам баласы бағындарған ең терең нүкте.

Экспедиция мүшелері әртүрлі өсімдіктердің жаңа түрлерін және шаян тәріздестер тобының төрт жаңа түрін тапқан.

Таңғажайып табылулар ішінде пластикалық пакет пен конфет қаптамалары да бар. Зерттеушілердің айтуынша, адамзаттың экологияға келтіріп жатқан зияны, жер шарының адам тіршілік етпейтін тұңғиығында да көрініс беріп тұр. Ғалымдар ендігі кезекте, қоқыс қалдықтарының мұхиттан табылған тіршілік иелері үшін қаншалықты зиян екенін толық зерттеп көрмек. 

пакет

Бұған дейін, Филиппин аралдарынан табылған киттің асқазанынан 40 келі пластикалық пакет қалдықтары шыққан болатын. Осыған ұқсас жағдай Италияның Сардиния аралында да қайталанған-ды. Өлі киттің ішінен 22 келі пластмасса қалдықтары табылған.

Кит

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір