• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:31:48
Алматы
+35°

21 Қараша, 2018 Спорт

Мұхтархан Ділдабеков: Головкинге боксты қою керек

Негізі Головкиннің  бокс қолғабын шегеге ілетін уақыты келді.

Қазақстандағы ең танымал споршылардың бірі, ауыр салмақтағы боксшы Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдабеков  Головкин мен Альварес арасында өткен жекпе - жек туралы айта келіп, соңғы жеңілісінен кейін Геннадийге спортты мүлде қою қажеттігін айтты. Бұл туралы ол  sports.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлім етті.

–Мұны ең біріншіден, спорттағы үлкен шоу-бизнес деп айтар едім. Өздеріңіз білесіздер, кәсіпқой бокс жағдайында үлкен ақша айналымға түскен уақытта жеңімпазды анықтау 12 раундтың қалай өткеніне байланысты емес. Менің ойымша, соңғы бес жылдағы Головкин шыққан биікке «Канело» енді  беттеп келеді. Әрине, Головкинге ешкімнің тең келмегені – ол ақиқат. Біздің боксшы әлемдегі супержұлдыз болды. Енді орта салмақтағы мықтылық мексикалықтың пайдасында болып тұр.

Қалай  айтқанда да, қазір Головкин өте нәтиже мен жылдамдықты көрсете алатын жаста емес. Ал Канело болса, өз мансабына қарай жоғары өрлеп келеді. Саул Альварестің өз мүмкіндігі мен қуатын ашуына әлі толық мүмкіндік бар.

Негізі Головкиннің  бокс қолғабын шегеге ілетін уақыты келді. Ақиқаты, ол 50 жасқа дейін бокстаспайды ғой. Геннадий жоғары нәтижелерге қол жеткізді, ел үшін үлкен жұмыстар істеді, Қазақстанның атын әлемге паш етті. Сондықтан Головкиннің қазақстандық жас боксшылардың кәсіпқой бокста  мүмкіндігін ашуға ықыласы шексіз екенін білемін және бұл  дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді .Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдабеков.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір