• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:12:44
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2018 Әлеумет

"Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек"

Мұхтар Жәкішевтің анасы биылғы жылдың басында ұлының денсаулығына алаңдаушылығын білдіріп, ұлына рақымшылық жасауын сұраған болатын.

Мұхтар Жәкішевтің түрмедегі жағдайының нашарлауына байланысты Досым Сәтпаев өз пікірін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Мұхтар Жәкішевті мазақ қылуды доғару керек. Ол шартты мерзімге босталған немесе өтемақы төлеп түрмеге отырмаған басқа шенді жемқорларға қарағанда жазасын толық әрі ұзағырақ өтеді. Тіпті экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталғандардың өзі мерзімінен бұрын бостандыққа шығып жатыр.

Егер Мұхтар Жәкішев түрмеде қайтыс болса көптеген проблема туындайтыны белгілі тіпті бұл проблема Жәкішевтің түрмеден босауынан немесе  ауруына байланысты жақсы жағдай жасалған басқа колонияға ауыстырылуынан да көп болуы мүмкін.

Мұхтар Жәкішевтің анасы биылғы жылдың басында ұлының денсаулығына алаңдаушылығын білдіріп, ұлына рақымшылық жасауын сұраған болатын. Саяси жұмбақты түсінсек те, қазір денсаулығы үшін күресіп жатқан азамат өзгелерге қандай зиянын тигізуі мүмкін?", дейді Досым Сатпаев.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір