• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:24:02
Алматы
+35°

17 Қыркүйек, 2018 Саясат

Мұхтар Жәкішев науқас анасымен кездесуге рұқсат сұрады

Қазақстан ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Азаттыққа Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің өтініш...

Қазақстан ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Азаттыққа Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеевтің өтініш хатын алғандарын растады. Адвокат Жәкішевтің хәл үстінде жатқан науқас анасымен кездесуіне рұқсат беруін сұрайды. Комитет өкілі Жәкішев адвокатының өтінішіне қатысты жауап "сәлден соң берілетінін" айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттықтың дерегін негізге алып. 

ІІМ мен ҚАЖК басшылығына жіберген өтінішінде адвокат Бейсекеев қылмыстық-атқару кодексінінің 113-бабының 1-тармағына сілтеме жасайды. Оған сәйкес, "жазасын өтеуші жақын туысының қайтыс болуына немесе науқастың өмiрiне қатер төндiретіндей қатты ауыруына байланысты, бару-қайту жолына қажет (бес тәулiктен аспайтын) уақытты есептемегенде, жетi тәулiктен аспайтын мерзiмге түзету мекемесінен шығуына" құқығы бар.

Адвокат министрлік пен комитетті Мұхтар Жәкішевті анасының жағдайы жайлы хабардар етуді және Семей қаласындағы ОВ 156/14 түзету мекемесінің басшылығын аталған баптың орындалуын қамтамасыз етуді сұрайды.

Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Ол жазасын өтеуге алдымен Алматы облысындағы Заречный кентіндегі түрмеге жіберілген, кейін Қарағанды облысының Долинка кентіндегі қатаң режимдегі АК-159/6 колониясында болды. 2015 жылы туыстары, адвокаты мен құқық қорғаушылардың өтінішінің арқасында ол Долинкадан қайта Заречныйға жіберілген. Бірақ 2017 жылы ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ісіне қатысты тергеу ісіне қатысу үшін Астана қаласының изоляторына этаппен жіберілген. Тергеу ісі аяқталған соң мамыр айында Долинкаға, ал шілде айынан бері Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

55 жастағы Мұхтар Жәкішев саясатпен айналыспағанымен, 2013 жылы қазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп таныған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір