• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:01:36
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Мұхтар Тайжан: Билік азаматтық қоғамның көзі ашық өкілдеріне қарсы шықпауы керек

"Атыраудағы сотқа барлық қазақстандықтың көңілі ауды" деген тақырыппен қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасына  "заңсыз...

"Атыраудағы сотқа барлық қазақстандықтың көңілі ауды" деген тақырыппен қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасына  "заңсыз митинг ұйымдастырды" деп айыпталған Мақсат Боқаев пен Талғат Аянды түрмеден босатуға шықырған жазбасы шықты. 

"Мақсат Боқаев пен Талғат Аянның ісіндегі ақиқат айтылатын күн жақындап келеді. Мен бұл жігіттердің  тағы да түрмеге тоғытылуынан сақтағым келеді. Олар темір тордың арғы жағында отырмауы тиіс. Біз бақылап отырған билік пен қоғам арасындағы жіктеулер өрши түседі. Енді бар сенімнің өзі жоқ болады.

Тергеу тарапынан жасалған ымыралы ұсыныстарды білемін. Иә, ұсыныстар шынымен де болды. Олар өкіну, тәубеге келу мен кешірім өтінуді сұрамады. Бірақ бұл жігіттер оған бармады. Бұл олардың жеке құқығы.

Алайда ол үшін Макс пен Талғатты түрмеге отырғызудың қажеті жоқ. Билік қолындағы барлық ұйымдастырушылық ресурстарды азаматтық қоғамның көзі ашық өкілдеріне қарсы қолданбауы тиіс. Егер бірінші сыныптың оқушылары ымыраға келмесе, 11 сынып оқушылары оларға қарсы күш қолданбау керек. Өйтпеген жағдайда барлық мектептің алдында күлкіге қалады.

Қазақ интеллигенциясы ашық хат жазып, жазбаша түрде жеке кепілдеме берді. Шетелдік құқыққорғаушы ұйымдар, тіпті батыс елдері екі азаматты жақтап сөйледі. Сондықтан оларды түрмеге отырғызу елдің ішкі саясатындағы  баяу жылдамдықтағы мина секілді биліктің үлкен қателігі болушы еді.

Тағы да жақсылап ойлануды сұраймын. Макс Боқаев пен Талғат Аян еркіндікте болуы тиіс! Болды, бұл қақтығысты доғарайық, сабыр түбі сары алтын! Кең болсаңдар, кем болмайсыңдар" деп сөзін аяқтады Мұхтар Тайжан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір