• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:19:15
+35°

05 Ақпан, 2018 Саясат

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты ретінде тіркелді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды

Орталық сайлау комиссиясы Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Ашимбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Әшімбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір