17Желтоқсан

Мұхамеджан Тазабектің 310 беттік «Айтыстар» туралы кітабының ешкім білмейтін 31 дерегі

Мұхамеджан Тазабектің 310 беттік «Айтыстар» туралы кітабының ешкім білмейтін 31 дерегі
ⒸӘділет Рахметолла

Мұхамеджан Тазабек десе, екі құлағымыз елең ете қалатыны рас. Себебі, сол бір дәурен айтыс өнерінің қызып тұрған шағы еді, шіркін! Мына баяндауыма қарап көпті көрген мені көнекөз қария деп қалмаңыз. Отызға жасымыз жетпесе де, айтысты көріп өскен баламыз. «Айтыс басталды» деп әкеміз бен анамыз шақырғанда жанымыз қалмай жетіп келетінбіз. Тек айтыс пен «Спрут» басталғанда ғана төрт көзіміз түгел боп, теледидар алдында тырп етпей отыратынбыз. Менің де айтыскер қыз атанғым келді. Қиялымда Алматыда айтыстың бел ортасында жүретінмін. Періштелер «әумин» деді ме, аты аңызға айналған Әсия Беркенова мен Әлфия Орманшиналардың бір кездеріі маған көзі түсті. «Домбыра тарта алмаймын» дегенді сылтау етіп, өз-өзімді жетілдіруден бас тарттым. Содан бері айтыс мен үшін келмеске кеткен балалық шақтың ассоциациясы, әуені бар болғанымен, сөзі жазылмаған элегия-жыр. Кім айтты, элегия міндетті түрде қасіретке толы болуы қажет деп?! Элегия – ең бірінші кезекте жүректі сыздатқан сағыныш сезімі. "Мұхамеджан Тазабектің «Айтыстар» кітабының тұсаукесері болады" дегенде аламан айтысты сағынып, уақыттың машинасына отырып, өткен-кеткенге бір сапар шегіп қайтқысы келгендердің қарасы көп болды. Тіпті біразы екі сағат бойы тікесінен тік тұрды.  Негізі, тұсаукесер демей-ақ, «той» деп айды аспанға шығарғым кеп тұр. Мұным асыра сілтеушілік болмас.

Мұхтар Ниязов асабалық міндет атқарған той уақытында басталды. Мұхамеджан Тазабектің айтыстағы ғұмырынан сыр шерткен видео нағыз love story болды. Эмоция мен шынайылыққа толы кадрлер ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Сөздің кезегін Мұхтар ақын әкім Бауыржан Байбектің құттықтауын жеткізуге келген Арман Қырықбайға ұсынды. Алматының бас ақыны – Мұхамеджан Тазабек дей отыра, бір құшақ гүлді айтыскердің анасы Күлбибі Әшімбекқызына сыйлаған Қырықбаев аманатқа қиянат жасамақ түгілі, қанатсызға қанат бітірді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қырын» абайсызда «сегіз» деген Арман мырзаға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Құдайдың көзі тура боп, аузына салды Арманның дейміз. (Кезінде «Нұр Отанның» айтысқа жасаған жақсылығын жұрт ұмытқан емес. Ұлттық өнеріміз айтысқа деген аппақ көңіл баяғыдай екеніне шүбә жоқ. Күнделікті күйбең тірліктен азып-тозған, қалтадағы тиынын санап жүріп, біреудің үйін баспана еткен қаймана қазақ тойға барса шашылады, ал айтысқа барса, іштегі қыжылы басылар еді деп ойлаймыз. Тойды реформалауға қарсылық танытпаймыз, десек те айтысты да ерекше мемлекеттік назарға алуды талап етуді жөн санаймыз. Сегізінші қыр сондықтан да сенсация емес, Қырықбаевты мұқату, мазақ ету де емес-ред.).

Сарыарқаның төрінен Жүрсін Ерман да келіпті. Жұрт алдында Мұхамеджан шәкіртінің алғысына бөленіп, көк шапанын киген ол былай деді: «Ешбір ақын дәл Мұхамеджандай айтысқа дайындалған емес. Естуімше, оның ой қалтасында 3000 өлең жолдары сақталып жататын. Қандай сұраққа кімге қалай дес берерін алдын-ала бағамдап жүретін. Көзге тіке қарай алмайтын бала Мұхамеджан бүгінде ел ағасы атанған азамат. Ол айтысқа қайта оралса, бөркімізді аспанға атар едік. Осында (залда-ред.) отырған Балғынбектер де қалыс қалмасын. Сендерді ешкім айтыстан шеттеткен емес. Астанада 16-17 желтоқсан күндері «Алтын домбыра» үшін тартыс болмақ. Сонда сені әділқазылардың қатарынан көргіміз келеді, Мұхамеджан! Кезінде айтыстан қол үзбегенде, «алтын домбыралардың» бірін қалдырмай, коллекция жасап, жинап алар едің. Осыны ескере отырып, алтын домбыраның көшірме мүсінін саған сыйлаймын». Мұхамеджанның «Алтын домбыра» алғанын шәкіртінен бұрын ұстазы шын қалаған болуы керек. Әйтеуір Жүрсін Ерман айтарын айтып, беретінін беріп, бір жеңілдеп қалғандай жадырап сала берді. Барша айтыскердің басы қосылғанын 7-8 жылдан бері көрмеген ол бақыттан бал-бұл жайнады-ау. Өз шәкіртін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай төрелікке сүйрегені азаматтық һәм батылдық болды. Жаттанды сөздер мен қатып қалған тәртіппен өткізілетін шаралардан шаршағанымыз сондай, айна көңіліміз тазарып қалды.

"Атамұра" корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед те аталы сөздің әдебін бұзбады. «Айтыстарды» тегін басып шығарған баспагердің кітапты бүге-шігесіне дейін ден беріп, оқып шыққаны әр айтқан сөзінен анық байқалды. Осындайда «Уәде – құдай сөзі» дегенді ұмытпайтын ұлт жанашырларына қалай риза болсақ та жарасымды.

Мектеп оқушыларының Тазабек жырларынан шашу шашуы тойдың сәнін келтірді. Арасында мүдіріп, ұмытып, қайтадан еске түсіріп айтқан балалардың қобалжуына қарап, тақымымызды қыстық. Айтысқа қызығушылық танытып жүрген өскелең ұрпаққа қарап, сүйсіндік. Балалардың қатарында Мұхамеджан Тазабектің інісі де бар екен. Әбдінұр Тазабек ағасының айтыстағы жырларын түгел жатқа білетін болып шықты. «Әбдінұрды айтыстан көрсеңіздер, таң қалмаңыздар» дегенді естіп, іштей риза болып, сәттілік тіледік.

Кезек эпотажды ақын Маралтай Райымбекұлына келіп жетті. Үзеңгілесінің тойында сый-сыяпат беріп жатып, сый-сияпат алатын Маралтай ақын дара жалғыз. «Менің де сеніңкіндей кітабым бар» деп өз туындысын қолға ұстатқан эпотажды ақынның арнау өлеңін тыңдай отырып, көңіліміз семірді.

Кілең айтыскер жиналған той айтыссыз қалай өтпек!? Рүстем Қайыртайұлы мен Қанат Мырзаханның сөз қағысына куә болдық. Мұхамеджандай ағасына жырдан иығына шапан жапқан Рүстем Қайыртайұлына Қанат ат мінгізді. Сөз жүзінде. Әзіл-күлкі аралас айтысты тыңдай отырып, айтысқа бармағалы қай заман деген ой тұңғиыққа жетелеп кетті. Ауыр ойдан арылтқан Мұхамеджан Тазабектің мына бір сөздері болды: «Бұл кітапты я мақтану, я пайда табу мақсатында жарыққа шығарған жоқпыз. Мақсат – өзіміз өлсек те, сөзіміздің өшпей, тас болып қашалып, тарих қойнауында қалуы еді. Бұл кітап – бір уәденің жемісі. Екі-ақ аптада дайын болды. Барша айтыскердің, інісі бар, ағасы бар дегендей, басын қосып, тұсаукесер ұйымдастыру идеясы ойда-жоқта пайда болды. Ондағы ойым –  қуанышыммен бөлісу болатын. «Қуанышыңмен бөліссең, көбейе түседі» дейді. Сіздердің баталарыңызды алғым келді.

Жалпы, бүгін бір залда Ринат Зайытов, Жандарбек Бұлғақ, Балғынбек Имаш, Талант Арғынғалилардың бір залдан табылуы көрерменнің көзін қуантты. Сонысымен де кеш ерекше атмосфераға ие болды.  Сегіз жылдай дүлдүлдердің басы қосылмағанын есепке алсақ, бұл өз алдына бір тарихи оқиға.

Елдің батасын алған «Айтыстардың» бас кейіпкерімен бетпе-бет тілдесу мүмкіндігі тумады, өкінішке қарай. Отыз минут бойы тоссақ та, ақынды қаумалаған жастардың қарасы азаймады. Әрқайсысының қолында бір-бір қызыл кітап. Селфилетіп жатыр, сөйлеп жатыр, мәз-мейрам болып жатыр...

Мұхтар Ниязовтың Жарқын Дәуірдің «Тұсауы кесілген кітап көп, шауып кеткені шамалы» деген сөздердің қисынды келтіруі мен үшін әдемі кештің қорытынды нүктесі болды. «Айтыстардың» алғашқы қадамынан ақ, шауып кететін шапшаң болатынына күмән жоқ.

310 беттік «Айтыстар» туралы 31 дерек

  1. «Атамұра» баспасынан шыққан
  2. 0 теңге жұмсалған кітап
  3. «Кітабыңды шығарып берем» деп Мұхтар Құл-Мұхаммед осыдан 20 жыл бұрын сахнада уәде еткен
  4. Тиражы -1000 дана
  5. 32 айтыстың жинағы
  6. Бағасы -3000 теңге
  7. «Меломан» сауда нүктелерінде сатылады
  8. Мұқабасында "Жамбылдың жастық шағы" киносындағы сурет қойылған
  9. Алғысөзін Мырзатай Жолдасбеков жазған
  10. Бұл «Айтыстар» кітабының екінші рет жарыққа шығуы
  11. Бірнеше жыл бұрын аздаған тиражбен шыққан бірінші данасы қолдан -қолға тарап кеткен
  12. Кітапты үш адам құрастырған
  13. Кітаптың екі редакторы – айтыскер ақын: Шорабек Айдаров, Сырым Әуезов
  14. Кітап 3 рет редакцияланған
  15. Сахнадағы айтыстармен қоса кітапта М.Тазабектің жазба айтыстар да қамтылған
  16. Айтыстың кейбір шумақтары ел арасында кітаптан бұрын аудио болып таралып кеткен
  17. Видеолар ұлттық арнаның облыстағы филиалдары, «Хабар» телеарнасы мұрағаттарынан және жеке мұрағаттардан алынды
  18. Қарсыластарының ішінде айтыстың үш буынының өкілдері бар
  19. 1989 жылдан бастап 2018 жылдар аралығындағы ақындардың есімін кітаптан кездестіреміз
  20. Ең бірінші данасы анасы Күлбибі Әшімбекқызына сыйланды
  21. Кітапты ең бірінші болып басынан аяғына дейін оқып, пікірін білдірген – «Атамұраның» президенті Рақым Құл-Мұхаммед
  22. Кітап мұқабасының қызыл түсін ұсынған - Рақым Құл-Мұхаммед
  23. Қазақ ақындарын қажылыққа бастап барған тарихи фото кітап ішіне қосылған
  24. Кітапқа бұрын еш жерде жарияланған Сырым Әуезханмен айтысы қосылған
  25. Тұсаукесері 2 сағатқа созылды
  26. 3 адам тұсауын кескен
  27. Тұсаукесеріне шамамен 350 адам келіп қатысқан
  28. Кештің тізгіні айтыскер ақын Мұхтар Ниязовта болды
  29. Тұсаукесерді бастан-аяқ фотоға түсірген – фотограф Әділет Рахметолла
  30. 8 жылдан кейін белгілі айтыскер ақындардың басын қосқан салтанатты кеш
  31. Сатуға апарған кітаптың түгелдей бәрі екі сағатта өтіп кеткен

«Айтыстар» тұсаукесерінен 31 фото

Фотограф Әділет Рахметолла

 Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Күлбибі Әшімбекқызы

Айтыстар

Айтыстар

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Мұхамеджан Тазабек

Әбдінұр Тазабек

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Айтыстар

Айтыстар

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Айтыстар

Айтыстар

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

Айтыстар

Мұхамеджан Тазабек

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Медиация – азаматтық-құқықтық дауларды шешудің ерекше жолы
    17/12 16:55 0 94
    2
    Қатерлі ісікке шалдыққан Нұрдәулеттің әкесі: Балапанымызға жәрдемші болыңыздаршы (фото)
    17/12 14:30 0 312
    3
    Димаш: Мен шын мәнінде бақытты әнші екенмін (видео)
    17/12 12:50 0 1447
    Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым көрсетілді
    17/12 12:35 6 292
    Экс-президенттің ұлдары аштық жариялады
    17/12 10:50 0 622
    Кешегі Қайратым руxтанған алаңда бүгінде шырша тұр...
    16/12 22:57 0 625
    Мен алаңға өлім іздеп барған жоқ едім ғой - Ербол Сыпатаев
    16/12 17:25 10 5165
    "Басқа амалдың жоқ болғанын халық түсінсе екен..." - Елбасы (видео)
    16/12 16:51 0 3897
    Қазақстандық әнші-боксер қарсыласын нокаутпен жеңді
    16/12 16:35 7 2116
    "Екі аңыз адамның кездесуі": Шетелдік суретші Димаштың таңғажайып суреттерін жариялады (фото)
    16/12 16:10 12 2802

    Таныстырылғандар

    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Шыңғыс қаған мен Абылай ханның тулары неге ақ болған?
    Біз қазір әділеттің ақ туы «Ақ байрақты» ту етіп көтеруге ылайықпыз ба? Ол бөлек әңгіме...
    07/12/2018 10:58 0 3247
    Тарихымызды терең танығандаймыз
    Тарихымызды терең танығандаймыз
    Тарихымызды терең танығандаймыз
    Елбасымыз Н.Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын барлық ынтаммен, қызыға оқып шықтым
    07/12/2018 14:35 11 2107
    Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті
    Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті
    Ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті
    Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған түрлі салалардағы мәселерді шешу жолдарын жас ұландықтар қолдайды
    07/12/2018 15:47 11 764
    Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)
    Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)
    Димаш қазақ тілінде ән айтып, қытайлықтарды тағы да тәнті етті (видео)
    Димаш Құдайберген Қытайда өткен "Әлем аруы 2018" байқауында өнер көрсетті
    08/12/2018 19:09 10 5329
    Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды
    Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды
    Елордада Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды
    Оқу залының қоры жазушының кітапхана коллекциясынан іріктелген жеке кітапханасының каталогы бойынша әдебиеттерді ұсынады
    07/12/2018 09:31 0 1108
    Аборт жасатуды заңдастырмауды талап етеміз!
    Аборт жасатуды заңдастырмауды талап етеміз!
    Аборт жасатуды заңдастырмауды талап етеміз!
    Гиппократ мектебінен шыққан ол кездегі дәрігерлер: «...мен ешқашанда түсік тастауға дәрі-дәрмек қолданбаймын» деп ант берген.
    Аудио тыңдау
    10/12/2018 14:05 1 1251
    Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті
    Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті
    Айгүл Шаимова тараздық кәсіпкерлермен кездесті
    Бүгінгі таңда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің негізгі басымдықтарының бірі бизнесті қорғау болып табылады
    Аудио тыңдау
    11/12/2018 11:10 0 647
    Мемсыйлықтың  «мазағы»
    Мемсыйлықтың  «мазағы»
    Мемсыйлықтың  «мазағы»
    Сыйлығың бар ма, онда сен –  таланттысың. Жоқ па –  талантсызсың
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 11:12 0 2331
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    Ел басқарған алғашқы мұсылман әйелдің шытырман өмірі мен құпия өлімі
    «Накстоящее время» басылымы өміріне қанша қауіп төнсе де, ислам әлемін өзгерте алған батыр әйел Беназир Бхуттоның дәуірі жайлы жазыпты.
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 13:35 0 3990
    Із-түзсіз жоғалған қытайлық фотографтың жантүршігерлік 21 туындысы (фото)
    Із-түзсіз жоғалған қытайлық фотографтың жантүршігерлік 21 туындысы (фото)
    Із-түзсіз жоғалған қытайлық фотографтың жантүршігерлік 21 туындысы (фото)
    Дамыған мемлекеттің шынайы бет-бейнесі осындай. Бір кем дүние...
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 14:11 0 19673
    Сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда
    Сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда
    Сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау мақсатында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда
    Бұл серіктестік елімізге жалпы құны 22 млн. долларды құрайтын инвестиция құюда
    Аудио тыңдау
    12/12/2018 22:08 0 1684
    Роза Өмірбекова: Ата-анам "Желтоқсанға" қатысқанымды 30 жыл бойы білген жоқ
    Роза Өмірбекова: Ата-анам "Желтоқсанға" қатысқанымды 30 жыл бойы білген жоқ
    Роза Өмірбекова: Ата-анам "Желтоқсанға" қатысқанымды 30 жыл бойы білген жоқ
    Егер сол суреттен отыз жыл бұрын бізді танып қойса, түрменің бір жерінде шіріп жатар ма едік?!
    Аудио тыңдау
    14/12/2018 13:53 2 4254
    Жетісу ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» құрметіне іс-шара өтті
    Жетісу ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» құрметіне іс-шара өтті
    Жетісу ауданында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» құрметіне іс-шара өтті
    Жетісу ауданының әкімі М.І.Тажибаев пен Алматы қаласы мәслихатының депутаты А.Қ.Чиликбаев келген қатысушыларды құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді
    14/12/2018 17:47 0 1135
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Еліміздің егемендігін қорғау жолында ҚР Қарулы Күштерінің еңбегі өлшеусіз
    Бүгінгі күні Қазақстан табысты, гүлденген және халықаралық қоғамдастық танитын мемлекет
    14/12/2018 18:05 0 1894
    Белгілі композитор көз жұмды
    Белгілі композитор көз жұмды
    Белгілі композитор көз жұмды
    Ол "Ғасырдан да ұзақ күн", "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" және өзге де фильмдердің музыкасының авторы
    Аудио тыңдау
    16/12/2018 12:32 0 1190