• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:09:22
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2017 Саясат

Мұсылмандарға тиіскен француз шенеунігі соттан бірақ шықты

Мұсылман балаларының көптігін айтқан Францияның Безье қаласының мэріне (әкіміне-ред.) айыппұл салынды деп хабарлайды

Мұсылман балаларының көптігін айтқан Францияның Безье қаласының мэріне (әкіміне-ред.) айыппұл салынды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Париждің соты мұсылман балаларының көптігін айтып, ұлтаралық алауыздық туғызған Роберт Менарға екі мың еуро айыппұл тақты.

Айтылған сөздің атылған оқ екендігін білеміз. Абайлап, жан-жағына қарайламай, аңдайсыз айта салған Менардың екі мәлімдемесі оның соттан бірақ шығуына себепкер болды. Анығын айтқанда, аталмыш азамат 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінде «твиттер» әлеуметтік желісінде мектепте христиан балаларынан қарағанда мұсылман балалары көп деген жазба қалдырған.

5 қырқүйекте Менар LCI телеарнасында «Менің қаламда балалардың  91%-ы мұсылман. Бұл үлкен мәселе. Шыдамдылықтың шегі бар деп»,- өз пікірін білдіріпті.

2012 жылдың ресми мәліметтеріне сәйкес, Безье қаласының 12,5%-ы иммигранттар, 22%-ы Солтүстік Африка және Түркиядан шыққан 18 жасқа толмаған жасөспірімдер.

Екі мың еуро айыппұл төлейтін Безье қаласының әкімі ендігәрі ұлтараздық кикілжің туындатқызатын мәлімдеме жасамайды деген үміттеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір