• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:20:51
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Мұсылмандар қашаннан бері "крещение" жасап, күнәдан тазаратын болған?

Ттаза су адам денесінің кірін кетіруі мүмкін, бірақ "күнәсіз, пәк" қылып шығарады дегенді ешқандай санаға сыйдыру, көңілге қондыру мүмкін емес

Шоқынып кетпеңіздер!

Алдымызда христиан діні өкілдеріне тиесілі Крещение, яғни "суға түсу арқылы күнәдан тазару" діни рәсімі келе жатыр. Мұның біздің қазақ халқына және барша мұсылман қауымына мүлдем қатысы жоқ.

Өкінішке қарай, бұған дейін осы шоқыну рәсіміне христиандықтармен қатар өзіміздің кейбір қазақ бауырларымыз да аса белсенділікпен қатысып, қаңтардың аязында қара суға шомылып жүргенін көрдік. Естеріңізде болсын, егер ол жерге басқа дінділерге еліктеп, "осылай жасасам, күнәдан арылады екенмін" деп барсаңыз, адасқандардан боласыз. Одан Алла сақтасын! Себебі, бұлар «Шынында, Алла деген – Мәриям ұлы Иса» деп адасқан қауымның өкілдері. Бұл – адамның емес, Алла Тағаланың яғни, Құран сөзі. Егер денеңізді шынықтыру мақсаты болса, басқа күні барыңыз. 

Алланың елшісі, соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ғалайһи уассалам) бір хадисінде "Кімде кім бір қауымға еліктесе, ол солардан" деп айтады. Ал христиандықтардың бұл күндері жаппай суға түсуінің мәні неде? Қысқаша баяндайық.

Облыстық Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының сөзінше, «Крещение» сөзі грек тілінен аударғанда «бату» деген мағынаны білдіреді. Олардың сенімдері бойынша, осы күндері жер бетіндегі барлық су атауы жаңарып тазарады-мыс. Яғни, шіркеу әкейі суға белгілі дұғаларды айтып, айқышты (крест) батырады. Осыдан кейін ол су киелі атанып, соған шомылған кісі рух тазалығы мен тән тазалығына қол жеткізеді екен. 

Ал енді ойлаңыздар, таза су адам денесінің кірін кетіруі мүмкін, бірақ "күнәсіз, пәк" қылып шығарады дегенді ешқандай санаға сыйдыру, көңілге қондыру мүмкін емес. 

Ағайындар, мұсылмандар, құлдың Құдай алдындағы парызы ол нәрсе емес. Аллаға жаққыңыз келсе, кәлимаға тіл келтіріңіз, маңдайыңызды сәждеге тигізіп, зекет беріңіз. Ораза ұстап, Қажылық парызын өтеңіз. Мұсылманның міндеті – осы!

Тілеуберді Сахаба

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір