• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:50:18
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2019 NEWS

Мұсылман әйел Жаңа Зеландиядғы теракт кезінде ерлік жасады

Жаңа Зеландияда Хусне Ара Парвин атты әйел Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқаруға тырысыпты.

Жаңа Зеландияда  Хусне Ара Парвин атты әйел Әл-Нұр мешітіндегі атыс кезінде сал болып қалған күйеуі Фарид Уддинді құтқарамын деп жан тапсырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bdnews24 сайтының дерегін негізге ала отырып. Парвиннің күйеуі қанды қырғыннан аман қалған, атыс басталған кезде оны басқа біреулер қауіпсіз жерге шығарған.

Әл-Нұр мешіті әйелдер және ерлер секциясына бөлінген. 

“Әпкем мүгедектер арбасына таңылған күйеуін ерлер секциясына қалдырып, өзі әйелдер секциясына кеткен. Ол қарудың дауысын естіп, күйеуін құтқару үшін ерлер секциясына жүгіріп барып, сол жерде жан тапсырған”, – дейді әйелдің інісі Махфуз Чоудхури.

Жаңа Зеландия полициясы Парвиннің оққа ұшқанын отбасына хабарлаған, алайда, әзірге оның мәйітін туыстарына бермепті.  

Еске сала кетсек, жұма күні Крайстчерчтегі екі мешітте белгісіз біреулер келушілерге оқ жаудырған болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, 49 адам көз жұмған.  Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған оқиғаны теракт деп атады. Шабуылға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, Австралия азаматы мен 28 жастағы Брентон Таррантқа кісі өлтірді деген айып тағылды. Сенбі күні сот оны қамауда ұстау мерзімін 5 сәуірге дейін ұзартты.

Аударған: Фариза Жомартқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір