• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:45:47
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2017 Әлеумет

Мұсылман әйел алғаш рет Сингапур президенті болып сайланды

63 жастағы Якоб мемлекет президенті болған алғашқы әйел атанды. Сондай-ақ президент тағы бұйырған малай қауымдастығының алғашқы өкілі.

Сингапурдың жаңа президенті болып парламент спикері болған Халима Якоб тағайындалды. Бұл туралы сәрсенбіде сайлау комиссиясының төрағасы Эн Вай Чун мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша 63 жастағы Якоб мемлекет президенті болған алғашқы әйел атанды. Сондай-ақ президент тағы бұйырған малай қауымдастығының алғашқы өкілі.

Экс-спикерден бөлек жоғарғы мемлекеттік лауазымға дауысқа түсуге 4 үміткер қатысқан, бірақ екі үміткер малай қауымдастығынан болмағандықтан сайлауға түсе алған жоқ. Өткен жылдың қарашасында бекітілген заңнамаға сәйкес сайлауға тек малайлықтар ат салыса алады.

Ережеге сай, президенттікке үміткерлер қандай да бір мемлекеттік лауазымда тәжірибесі бар немесе капиталы 500 миллион Сингапур долларынан (371 миилион АҚШ доллары) асатын компанияны басқарған болуы тиіс. Биылғы жылдың маусымында қабылданған талапқа тек Якобтың кандидатурасы сәйкес келді.

Айта кету керек, Халима Якоб – мемлекет президенті болып сайланған алғашқы мұсылман әйел.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір