13 Ақпан, 2018 NEWS
Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады
Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады
Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті атып өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып. Қорғаушы жақ сот отырысын жабық түрде өтуін сұрап, видеоға түсіруге тыйым салды.
Шыны королі сот отырысына өзі келіп, адвокаты екеуі түсірілімге тыйым салуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырған.
Мұратхан Тоқмәди "Тұран Әлем Банкінің" бұрынғы басшы Ержан Тәтішевті қасақана жазым еткенін 13 жылдан кейін мойындап отыр.
Еске сала кетсек, белгілі кәсіпкер бұған дейін үш рет сотталған. Өткен жылы бірнееше ауыр баптармен айыпталған Мұратхан Тоқмәди бар кінәсін мойындап, тергеу жұмыстарына көмектескені үшін жазасы жеңілдетілген болатын. Бұл жолы адам өлтіру бабы бойынша айыпталған Мұратхан Тоқмәди өмір бойы түрмеге жабылуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір