• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:15:30
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 Әдебиет

Мұрат Әуезовке арнау

Ғалым, елші және басшы болдыңыз, Биік мансап тұғырына қондыңыз.

Таңғаламын Сіздей ғажап тұлғаға,

Қандай әділ, халық берген бұл баға.

Алты алаштың ардақ тұтқан перзенті,

Кемеңгерсіз, ұлы ойшыл, Сіз – дана!

 

Сізді көру маған деген бір бақыт,

Мәңгі есте сақталады бұл уақыт.

Мұрат ата! Рұқсат болса оқиын,

Сізге арнап жазған едім жыр-жақұт!

 

Алтын күннің сәулесіндей таралған,

Ұлы Абайдың жырларынан нәр алған.

Сізді асылдың сынығына балаймыз,

Әуезовтің арманынан жаралған.

 

Оқу іздеп талаптанып жасында,

Мәскеуге де сан бардыңыз расында.

Білім көзі кітапта екенін,

Үйрендіңіз әкеңіздің қасында.

 

Ғалым, елші және басшы болдыңыз,

Биік мансап тұғырына қондыңыз.

Ұмытылмас еткен еңбек, төккен тер,

Халқымыздың жүрегінде орныңыз!

 

Ел деп соққан күндіз-түні жүрегі,

Мұрат Әуезов – Меркіміздің түлегі.

Жүз жасаңыз ұлы Жамбыл бабамдай,

Осы біздің оқушылар тілегі!

 

Сымбат АБАТБАЙ,

Жамбыл облысы,

Меркі ауданындағы

В.Савва атындағы №9 ЖББМ

10-сынып оқушысы, Республикалық 

«Ғұмырдария» балалар мен

жасөспірімдер орталығының

ұйымдастыруымен өткен

«Құлақтан кіріп бойды алар»

байқауының «Көркем сөз оқу»

номинациясы бойынша I орын иегері

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір