• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 23:28:55
Алматы
+35°

21 Тамыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Хайруллин Арман өзінің фейсбук парақшасында Атырау қаласында бой көтеріп жатқан нысандардың көркемділігіне, мән мен маңыздылығына күмән келтіріп, видеоүндеу жариялапты. Атырау қаласының тұрғыны "Біздің қалаға көркемдік кеңес керек. Себебі бұл обьектілер халықтың сынын тудыруда. Әкімдік ойымды сын деп емес, Атырауда туған тұрғынның ұсынысы деп білер. Жақсылықты да, кетікті де айтуымыз тиіс" дейді. Алдағы уақытта әкімге кіріп, мұнайға қонған көбелекті алып тастау туралы ұсынысымды айтамын деген Арманның ойы іске асады ма білмедік. Алайда  халықтың сынына қалған бұл нысанға, сонымен қатар латынша "Атырай" болып жазылып кеткен силуэттерге Армансыз-ақ әкімдіктің назары түсіп, көбелектің көзін құртып, қаланың әдемі атын қайта жаңғыртады деген үміттеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір