• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:14:57
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2017 Әлеумет

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы конвенцияны іске асыру барысы

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту мақсатында заңға тәуелді актілерді жетілдіру жұмыстары жүргізілді деп жазады

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін күшейту мақсатында заңға тәуелді актілерді жетілдіру жұмыстары жүргізілді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Олар: 

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және есту қабілеті нашар мүгедектерге арналған жұмыс орны стандарттары бекітілді;
  • мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбе шеңберінде техникалық оңалту құралдары кезең-кезеңімен жаңартылды. Жалпы кеңейту Тізбені 60 % ұлғайтуға мүмкіндік берді (32-ден 55 бұйым түрлеріне дейін);
  • кіріктірілген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының жобасы әзірленді. Оның үлгісі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғырту тұжырымдамасын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының базасында пилоттық режимде сынақтан өткізіліп жатыр;
  • Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін және 2015 – 2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар кешені бекітілді. Инклюзивті білім беруді дамыту индикаторлары білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.
  • Жоғарыда аталған шаралардың қажеттілігі елімізде тұратын 651,9 мың мүгедектің құқықтарын қамтамасыз ету мен өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың 62,8 %-ы еңбекке қабілетті жаста, 25%-ы зейнеткерлік жаста, ал 12,1%-ы 18 жасқа толмаған.

 

Көп деңгейлі мемлекеттік көмек және әлеуметтік қолдау шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға:

а) әр түрлі әлеуметтік жәрдемақылар:

 - мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы,

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы,

- мүгедек баланы тәрбиелеушіге ай сайынғы жәрдемақы,

- үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету,

- егер отбасының табысы төмен болса мүгедектігі бар адамдар атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін тағайындауға, балалары болса 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға жүгінуге құқылы, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қосымша әлеуметтік қолдау.

б) тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін медициналық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

в) организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруға тегін техникалық оңалту құралдары мен жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері;

г) кешенді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы қиын өмірлік жағдайдан шығуға жәрдемдесу.

Анықтама: арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығында 700-ден астам мемлекеттік (стационарлық үлгідегі 107 медициналық-әлеуметтік мекеме, 51 күндізгі бөлімше, 21 оңалту орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 510 бөлімше, 25 әлеуметтік бейімдеу орталығы) және 103 үкіметтік емес ұйым (немесе 5 мыңнан астам адамды қамтитын жалпы ұйымдар құрылымының 12%-ын құрайды) қызмет көрсетеді.

 

Мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің басты принципі мүгедектерді қоғамға етене араластыру болып табылады:

а) бұндағы басты бағыттардың бірі қолжетімді орта құру болып табылады. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қолжетімді орта құру, оның  басты тетігі – мүгедектер үшін бірінші кезекте маңызды 36 мың объектіні паспорттау және оларды бейімдеу.

2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар жоспарлаған 28,9 мың (80,3 %) әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің 31,1 мыңы паспортталды.

Анықтама: Бүгінгі таңда Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланған объектілердің 100 %-ы паспортталған. Маңғыстау (56,6 %) және Қарағанды (82,8 %) облыстарында, Астана (53,3 %) және Алматы ққ. (79,5 %) паспорттау жұмысы жоспардан төмен жүргізілген.

Объектілердің жалпы санынан паспорттау бойынша жұмыс Жамбыл (29,8 %), Маңғыстау (35,3 %), Шығыс Қазақстан (58,5 %) облыстары мен Астана (36,3 %) және Алматы (79,5 %) қалаларында нашар жүргізілуде.

 

Паспортталған объектілерді бейімдеу тетіктерінің бірі ретінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының (бұған дейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының) құралдары (инфрақұрылым жобаларындағы жөндеу жұмыстары) мен жергілікті атқарушы органдар тартқан қаражат пайдаланылды.

Анықтама: Объектілерді бейімдеудің жоспарланған мәнінен ең төмен көрсеткіші  Қарағанды (59,8 %), Маңғыстау (61,7 %), Солтүстік Қазақстан (62,7 %), Ақтөбе (62,8 %), Қостанай (64,0 %) облыстары мен Астана (33,7 %) және Алматы (58,2 %) қалаларына тиесілі.

 

б) мүмкіндіктері шектеулі 144,8 мың баланы білім беру ортасына қосу үшін инклюзивті білім беруді дамыту. БҒМ ақпаратына сәйкес бүгінгі күні 3 289 жалпы білім беретін мектепте балаларды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалған.

Қазақстанда арнаулы білім беру ұйымдарының мынадай желілері жұмыс жасайды:

- 42 арнаулы балабақша, онда сөйлеу қабілеті, интеллекті, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы, есту және көру қабілеті бұзылған 5 160 бала және жалпы мектеп жасына дейінгі ұйымдарың 193 арнаулы тобында                    8 754 бала тәрбиеленіп, оқып жатыр;

- 97 мектепте мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар 14 275 бала орта білім алады;

- 58 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) және 149 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бар, онда мүмкіндіктері шектеулі 144 мыңнан астам балаға психологиялық-педагогикалық түзеу қызметтері көрсетіледі. 

  • арнаулы білім беру ұйымдарында 6 мыңнан астам педагог жұмыс істейді;
  • техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесінде 163 колледжде (барлығы 817 колледж) мүгедектігі бар 2 мыңнан астам баланы оқыту үшін жағдай жасалған.

Бүгінде жоғарғы оқу орнының (ЖОО) 374 студентінің мүгедектігі бар, оның ішінде 46 % – әйелдер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір