• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:20:47
Алматы
+35°

04 Тамыз, 2018 NEWS

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен ерекше веложарыс басталды

Веломарафонның өзгешелігі – көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команданың 5000 шақырымнан астам арақашықтықты жүріп өтуі

Бүгін Астанада ерекше қажеттілігі бар адамдардың қатысуымен «Спорт без границ» жобасының шеңберінде «Blind Race Astana –Paris»  өзгеше веломарафоны басталды.

Веломарафонның өзгешелігі – көзі нашар көретін және зағип жандардан құралған команданың 5000 шақырымнан астам арақашықтықты жүріп өтуі болып табылады. Жоба қатысушылары 2018 жылғы қыркүйектің ортасында веложарыстың отаны - Париж қаласында мәреге жетуді жоспарлап отыр.

Веломарафонға барлығы 15 велосипедші қатысады.                          Олар: Бахтияр Базарбеков, Кенжегүл Сейтжан, Мусрят Елібакиев, Данияр Базарбек, Мұрат Айтжанов, Канат Ермек-ұлы, Ильяс Фаткулин.

Халықаралық веложарыстың салтанатты басталуында                             ҚР Қоғамдық даму істері вице-министрі Бері Арын сөз сөйледі.                      Ол мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендірудің, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен велосипед спортын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, бұл жоба маңызды миссия – мүгедектігі бар тұлғаларға тең және бәсекеге қабілетті жағдау жасауды насихаттайды.

Вице-министр «Астана-Париж» веломарафоны тек қана мемлекетті емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарды біріктіретін өзгеше бастама болып табылатындығын да айтты.

Веломарафонның ұйымдастырушысы, «Спорт без границ» жобасының жетекшісі Бахтияр Базарбековтың айтуынша, марафонның мақсаты салауатты және позитивті өмір салтын насихаттау, велосипедті экологиялық таза көлік ретінде таныту, сонымен қоса экотуризмді дамыту, ерекше қажеттілікке мұқтаж жандар арасында спортты дамыту үшін жағдай жасау, жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады.

Веломарафон 6 мемлекетте – Қазақстан, Ресей, Белорусь, Польша, Германия, Францияда және 30 қалада өтіп, жер шарының екі бөлігін біріктіреді.Жобаның миссиясын ілгерілету, достық қарым-қатынасты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында 11 ірі қалада қауымдастық өкілдерімен, ерекше қажеттілікке мұқтаж жандармен, спортшылармен, БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізіледі.

Бұл үшінші ауқымды жоба болып табылады, алғашқы екеуі Алматы – Астана, Алматы – Ыстықкөл бағыттары бойынша өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық даму министрлігі «Спорт без границ» жобасының серіктесі болып табылады. «ASAR-II» ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің ынтымақтастығы форумы аясында «Спорт без границ» жобасы одан әрі әлеуетті демеушілерді тарту және кәсіпкерлер, меценаттар және қол ұшын созуға дайын азаматтар тарапынан қолдау көрсету мақсатында  таныстырылған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір