• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:30:07
Алматы
+35°

03 Тамыз, 2017 NEWS

Мүгедектік – спортпен айналысу үшін кедергі емес

Веложарыс мақсаты: экотуризмнің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту

2017 жылдың 11- 20 тамыз аралығында «Анашым» жеке қорының  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының көмегімен ұйысдастырып жатқан   Алматы-Ыстықкөл бағыты бойынша, соқыр және нашар көретін адамдар арасында «Қозғалыс қуаты» атты жоба шеңберінде теңдесі жоқ іс-шара бірінші халықаралық веложарыс өтпек.

         18 нашар көретін және көзі мүлде көрмейтін жандардан құрылған команда жол полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен 5 күн бойы велотандемде Алматы-Бішкек-Ыстық көл бағыты бойынша 500 шақырым жүріп өтпек.

         Веложарыс мақсаты: экотуризмнің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетінің ашылуына ықпал ету, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау.

 2016 жылы 9 адамнан тұратын біздің команда өздерінің алғашқы веломарафонында 1200 шақырым жер өтіп шықты. Осы жылы командамыздың адам саны көбейді және веложарыс халықаралық дәрежеге ие болды. Келесі жылы «Континент жалғау» атты веложарыс өткізуді жоспарлануда. 

         Марафон қорытындысы бойынша спортсмендер Ыстық көлге саяхат жасағысы келетін адамдар үшін онлайн карта   жасап шығармақ және туризмді насихаттап екі мемлекеттің мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жағдай жасалуын қамтамасыз етілуі үшін ұсынымдар жасамақ.

         Жоба жетекшісі Базарбеков Бахтиярдың айтуы бойынша, Біздің белсенділігіміз тек өзіміз үшін ғана емес,  сонымен қатар бүкіл жастар үшін үлгі, барлық Қазақстандықтарды салауатты өмір салтын және белсенді өмірді қолдауға шақыру.

Пресс конференцияда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, Алматы қаласының Мәжіліс депутаты Ляззат Калтаева, нашар көретін  марафоншы, спортшы, альпинист Кенжегул Сейтжан қатысады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір