• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:06:30
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 NEWS

Мүгедектердің құқықтары тапталып жатыр

Бүгінгі күні облыс прокуратурасының  актілері бойынша 4млн теңге өтелді.

Жамбыл облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйі талқыланды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Талдау көрсеткендей, уәкілетті органдардың қызметі тиісті дәрежеде ұйымдастырылмаған, нәтижесінде мүгедектердің  құқықтары  бұзылған.

Уәкілетті органдардың  кінәсінен 1300-ден астам мүгедек заң бойынша тиесілі протездік-ортопедиялық құралдарды алмаған, мүгедек балаларға шипажайлық-курорттық ем берілмеген.

Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 222 мүгедектен екі жыл ішінде 6,5 млн астам табыс салығы заңсыз ұсталған.

Т.Рысқұлов ауданының Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері  мүгедектерді әлеуметтік  жұмыс орындарына жалған жұмысқа орналастыру жолымен бюджетке 700 мың теңгеге шығын келтірген.

Кінәлі тұлғалар алаяқтық жасағаны үшін (ҚК 190-бабы 1-бөлігімен) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, залал қалпына келтірілді.

Осы ауданда төрт жыл ішінде ешқандай жұмысты орындамаған мүгедектердің әлеуметтік көмекшісіне (1,9 млн.теңге шығын) жалақы төленді.

Бұл факті бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені  үшін сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).

Бүгінгі күні облыс прокуратурасының  актілері бойынша 4млн теңге өтелді. Бұл бағытта жұмыс жасалуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір