• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:55:59
Алматы
+35°

05 Маусым, 2017 NEWS

Моңғолия ғарышқа кезекті спутнигін ұшырды

4 маусымда Ұланбатыр уақытымен сағат 05:50-де АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Кеннеди ғарыш орталығынан ғарышқа моңғолдың кезекті спутнигі ұшырылды, деп...

4 маусымда Ұланбатыр уақытымен сағат 05:50-де АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Кеннеди ғарыш орталығынан ғарышқа моңғолдың кезекті спутнигі ұшырылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі montsame.mn агенттігіне сілтеме жасап.

Спутникке Гоби шөлінің сирек кездесетін «Мажалай» аюының атауы берілді. Жоспар бойынша, аппаратты SpaceX компаниясының Falcon-9 зымыраны алып ұшып, дүйсенбіге дейін халықаралық ғарыш стансасына жетеді.

Жер серігі ғарыштық зерттеулер жүргізуге, спутниктен түсірілген фотосурет негізінде әлдеқайда нақтырақ географиялық карталар  жасауға, сондай-ақ күтпеген апаттардың алдын алуға  көмектеседі.

 «Мажалай» спутнигін Моңғол мемлекеттік университеті ғалымдары мен  студенттері Кюсю жапон технологиялық университетімен бірлесіп жасады. Жоба мүшелерінің айтуынша, екінші моңғол серігін ұшыруды жүзеге асыру 2019 жылға жоспарланып отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір