• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:55:10
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2019 Фото-баян

Мода және экология: алматылықтардың бірнеше жылдан кейінгі кейпі (фото)

«Адамдарға қаланың келбетін көрсеткіміз келді. Әдемі суреттер арқылы үлкен мәселені көтермекпіз», - деді редакция мүшелері.

Buro247.kz редакциясы «Тұман арасында: алматылықтардың бірнеше жылдан кейінгі кейпі» атты жоба жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Онда Алматының экологиялық мәселелері көтерілген.

«Алматының лас ауасы қала тұрғындарының денсаулығына кері әсер етеді. Экологиялық апат көлемі күн санап артып келеді, мұнысын терезеге қарап-ақ байқауға болады. Бұл олқылықты жою үшін билік әлі талай жұмыс істеу керек. Егер ештеңе өзгермесе, қала тұрғындарының кейпі мынадай болар еді». – деп жазды редакцияның Instagram-дағы парақшасында.

Buro247.kz осы тақырыпқа орай фотосессия жасапты. Суреттерден бетперде киген модельдерді көреміз. Түсірілім үшін базарлар, гүл павильондары пайдаланылған.

«Адамдарға қаланың келбетін көрсеткіміз келді. Әдемі суреттер арқылы үлкен мәселені көтермекпіз», - деді редакция мүшелері.

Мода және экология

Мода және экология

Мода және экология

Мода және экология

Мода және экология

Мода және экология

Мода және экология

Ұсынған: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір