• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:11:57
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Мінсіз мансапқа жетелейтін 5 тәсіл

Адам өзіне мамандық таңдайды да, сол мамандық жолында жүреді

Мансапқа жету жолындағы 5 тәсілді назарларыңызға ұсынамыз! 

  1. Шегінерге жол жоқ

Адам өзіне мамандық таңдайды да, сол мамандық жолында жүреді. Ал бүгінде бұл көзқарас өзгерді. Әрине, мамандық өзгерту көп уақыт пен адамның күш-жігерін талап етеді. Егер өзің айналысатын істен рахат алмасаң, басқа іске көшкен дұрыс. Яғни шегінерге жол жоқ деп, салыңыз суға кетпесін. Талабыңыз болса, тау қопарасыз.

  1. Басшы болып үйрену керек

Ең алдымен көпшіліккпен жұмыс істеп үйреніңіз. Жетістікке жету үшін адамдарды басқара білу  де қажет. Ол да біршама еңбекті талап етеді. Есіңізде болсын, жоғарғы санаттағы адамдар кез келген ортада сыйлы.

  1. Іскерлік киім үлгісін сақтау. Өзіңе ұнап жатса, классикалық костюм киген дұрыс. Дұрысы, жан-жағыңдағы іскер адамдардың киінуіне қарап, өз стиліңді таңда.
  1. Жалақыңның өсуі мен қызметіңнің жоғарылауы

Әрбір әрекет арқылы баспалдақпен көтерілу секілді өз мақсатына бір табан болсын жақындаған дұрыс. Ол үшін жан-жақты біліммен қаруланып, басқа адамдармен байланысыңды нығайту керек.

  1. 24 сағат жұмыс істеу арқылы өз мақсатыңа жету!

Бас көтермей жұмыс істеу табыстың кілті емес. Мінсіз карьераны жасау үшін демалыссыз, тыным таппай жұмыс істеудің маңызы жоқ. Жұмыс бірінші орында тұрмау керек. Өзіңді бақытқа бөлейтін іспен айналысып ғана табыстың кілтіне қол жеткізесің! Және ол іске жұмыс деп қарамаған дұрыс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір