• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:10:30
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 NEWS

Мыңдаған ДАИШ содыры Еуропаға шабуыл жасамақ

Ирак пен Сирияда жеңіліс тапқан олар Еуропа елдеріне шабуылдайды

ДАИШ террористік ұйымының 26 мың содыры енді Еуропа мемлекеттеріне жол тартпақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп.

Ирак пен Сирияда жеңіліс тапқан олар Еуропа елдеріне шабуылдауы мүмкін деп хабарлады АҚШ елшілігіндегі ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция басшысы Райана Диллон.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта терористерге қарсы қарқынды түрде  күрес әрекеттері жүргізілуде. Осыған қарамастан, бірқатар  Еуропа елдері үшін, соның ішінде Франция мен Ұлыбритания үшін олар әлі де үлкен қауіп төндіруде. Осы аптаның өзінде Еуропаға кірмек болған жиһаттықтар ұсталған.

«Олардың 2014 жылдағыдай үлкен әскері жоқ. Алайда, бұл ДАИШ-тің көзі жойылды деген сөз емес»,-деді Диллон.

Ең басты қауіп тудыратын нәрсе-мыңдаған содырлардың өз отандарына қайтып, сол жерде де шабуыл ұйымдастыру мүмкін екендігі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір