• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:39:39
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2018 Әлеумет

Мінгенмен, түсуі қиын Астанадағы автобустар халықты әбігерге салды (видео)

Астана қаласының тұрғыны Дулат Ағаділ автобуста мініп-түсудің қиындап кеткенін айтты

Астана қаласының тұрғыны Дулат Ағаділ автобуста мініп-түсудің қиындап кеткенін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің видеоүндеуін фейсбук парақшасына жариялады. Оның айтуы бойынша, автобуста адам лық толы болған кезде адамдар автобустан түсе алмай әбігерге түседі екен. Бұған себеп Astana LRT картасы екен. Нақтылай кетсек, автобусқа мінген адам аhтқы жақта орналасқан аппарат арқылы картамен төлем жасап болғаннан кейін міндетті түрде автобустың алдыңғы есігі арқылы түсу керек. Автобустың ішінде адам аз болса, бұл оңай әрине, ал адамға лық толы автобуста бұл қағиданы орындау айтарлықтай қиынға соғады. 

«Құрметті қазақстандықтар, менің бір жарым жылдан бері көтеріп жүрген мәселем Аstana LRT-ның картасына байланысты болды. Мен өзім Астана қаласы Целиноград ауданы Талапкер ауылында тұрамын. Аталмыш карта халыққа ыңғайсыздық тудырады. Бала-шағасымен жүрген үлкен кісілер бар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар, соларға ыңғайсыз. Басшылар қалай ойлайтынын мен түсінбеймін. Мен талай рет әкімдікке де бардым, бірнеше автобус парктеріне де бардым. Алайда барлығы бір-біріне сілтеп, мәселе әлі күнге дейін қарастырылмады. Автобусқа кірген адам ортасындағы немесе артында орналасқан аппарат арқылы төлем жасап, кейін міндетті түрде автобустың алдыңғы жағынан түсу керек. Сонда бала-шағасымен автобусқа мінген немесе аяғы ауыр әйелдер, арбаға таңылған мүгедектер автобустың артқы жағынан кіріп, алдынан қалай шығады? Ал автобустың алдынан мінген адам артқы жақтағы аппаратқа картасын қойып, жолақысын төлеп қайтадан алдынан түсу керек. Бұл не үшін жасалған? Халықты қинай беру үшін жасалған ба?», дейді Дулат Ағаділ. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір