Міне, нағыз махаббат! Комадағы жарына 35 жыл қамқор болған әйелдің оқиғасы

Міне, нағыз махаббат! Комадағы жарына 35 жыл қамқор болған әйелдің оқиғасы
Ⓒашық дереккөз

Махаббатқа сенесіз бе? Ал сүйген адамы үшін өмірін құрбан етуге даяр жандардың барына ше? Білесіз бе, дәл осы сәттен бастап махаббат деген ұлы сезімнің тереңіне шынайы үңілдім, сезіндім, сендім, ашығын айтқанда, төмендегі оқиға мені сендірді. 1970 жылдары атақты футболшы болған Жан-Пьердің әйелі ұйқыда жатқан, тіпті өзгелері өлдіге санаған күйеуі үшін 35 жыл бойы үміт үзбей өмір сүріп келеді. Сүйген жарының бір күні тік тұрып, құшағына алып, қапсыра құшақтайтындығына сенеді. Тек киноларда ғана кездесетін қиял-ғажайыпқа толы бұл оқиға кез келген тас жүректі жібітері анық.

Мәңгілік 17 наурыз

Бернадет Адамс америкалық «Суыр күні» фильмін жек көреді. Ол үшін «Суыр күні» жай ғана киноның сюжеті емес, өмірі. Міне, 35 жыл бойы Бернадетің әр күні бір-біріне ұқсас. Франциялық Кессарг коммунасындағы кішігірім үй, сол баяғы бөлме, жиһаз, сол төсек және 35 жыл бойы төсекте тапжылмай жатқан ер адам. Ол ер адам 1970 жылдары Францияның ұлттық құрамасында ойнаған белгілі футболшы, жары - Жан-Пьер Адамс.

Жан-Пьер Адамс

1982 жылдың 17 наурызында футболшының өмірі тоқтап қалған. Дәл сол күні ол тізесіндегі сіңіріне кішігірім операция жасату үшін лиондық ауруханаға барады. Ауруханаға бара жатқан жолда карьерасына нүкте қойларын ол іштей сезді ме екен?! Соңғы күндері тізесі ауырып, мазасы қашып жүрген. Бірнеше ай бойы ауырсынуды басатын дәрілер қабылдап жүрді. Жаттығулары аяқталған соң Парижге барып, операция жасатуды жоспарлады. Алайда лиондық ауруханада жұмыс істейтін таныс дәрігері өз клиникасында-ақ емдеп жазып беретінін айтып шақырады.

Операция барысында ешқандай қиындық туындамайды. Бірақ тағдырға амалың бар ма? Сол уақытта Францияда дәрігерлердің шеруі жүріп жатты. Ауруханаға дәрігерлер жетіспеді. Анестезиолог әйел Эдуард Эрриота бір уақытта үш операцияны өзі жасайды. Ересектермен қоса балаға да өзі ота жасапты. Соның кесірінен Жан-Пьерге байқаусызда екі мәрте наркоз дозасын салып қояды. Ал хирургтің көмекшілері жұмысқа жаңадан орналасқан тәжірибесіз мамандар еді.

Дәл сол уақытта Бернадет кофе ішіп, 11 жастағы ұлы Лоран мен 4 жасар Фредриктің жанында отыр еді. Балаларына сыр білдірмесе де, жүрегі әлденені сезеді. Күйеуі ауруханаға аттанар сәтте: «Бәрі жақсы болады, уайымдайтын дәнеңе жоқ» деп кетіп еді, бірақ әйел жүрегі қатты толқыды. Ал шынына келгенде, бұл Жан-Пьердің соңғы сөздері еді.

Жан Пьер Адамс

Мен сені күтемін

Бірнеше сағаттан соң күйеуінен хабар алған Бернадет балаларын атасы мен әжесіне қалдырды да, ауруханаға қарай асықты. Дәрігерлер Адамс ханымға шындықты телефон арқылы айта қоймады. Жан-Пьер комаға түсіп қалған екен. Бес күн бойы Бернадет күйеуінің жанында болды. Шақырды, жылады, айқайға басты, жоқ, Жан-Пьер үн-түнсіз...

Кейін оны өзге ауруханаға ауыстыру жайлы ұсыныстар түсті. Себебі диагнозы адам шошырлық еді: миының жарты бөлігі зақымданған, тіпті істен шыққан, қайта қалпына келмейді. Жан-Пьер өздігінше тыныс алады, тек өмір сүріп жатқан жоқ.

-Тіпті, ойлаудың өзі қорқынышты, - дейді 30 жылдан кейін Бернадет. – Дәрігерлер эвтаназия жайлы айтты, бірақ мен бас тарттым, естігім де келмеді. Еркінен тыс өмірін қалайша қиып қоймақпын?!

Бірнеше күннен соң Бернадет күйеуін үйіне алып кетті. Содан бері әр күнін күйеуіне қамқорлық көрсетумен өткізеді. Түнде қан ұйып қалмас үшін теріс қаратып жатқызады. Күндіз жуындырады, тамақтандырады, жаңалықтармен бөлісіп отырады, бірге ән тыңдайды. Францияда «Шербур қолшатыры» әні танымал еді. Жас жұбайлар үйлену тойларында осы әнге билеп, содан бері екеуінің сүйікті әндеріне айналған. Ән мәтінінде «Мен сені күтемін» деген сөздері бар...

Ұйқыдағы атлеттің үйі

Жан-Пьердің бөлмесіндегі уақыт тоқтап тұр. Анда-санда көңілін сұрап келетіндер кіреді. Балалары да жиі кіріп тұрады. Қазір екеуінің де 35 жыл бұрынғы Адамстан жастары үлкен. Үлкені Лоран әкесін танып үлгерген. Көз алдына көңілді, батыл, мейірімді әке елестейді. Ал кішісі тек сурет арқылы таниды. Жан-Пьер мен Бернадеттің немерелері де бар. Олар аталарының бөлмесіне кіріп, ашық, бірақ көрмейтін көздеріне үңіліп шығады.

Бернадет үйін «Ұйқыдағы ғажап атлеттің үйі» деп атап кеткен. 35 жылдан бері өзге адамдарға Жан-Пьерді суретке не видеоға түсіруге тыйым салып келеді, тек ескі суреттерін ғана көрсетеді.

Адамс француз футболының тарихына өшпес із қалдырған тұлға. Сол себепті футбол федерациясы ұлттық құрама ойыншысының отбасына қамқорлық танытып отырады. Әлі күнге дейін қайырымдылық ойындарын өткізеді екен. Қолдаусыз Бернадет 35 жыл бойы мұндай ауыр жүкті арқалап жүре алмас еді. Лиондық клиникаға қарсы сот ісі де болған, алайда нәтижесі көңілге қонымды емес: екі мәрте наркоз салған анестезиолог бір айға қамалып, кішігірім айыппұл төледі.

Жан Пьер Адамс

Алғашқы жылдары Бернадетке ата-анасы көмектесіп жүрді. Бір кездері күйеу балалары ретінде қабылдамаған сұлу Бернадеттің ата-анасы уақыт өте келе қыздары үшін жанын беруге дайын Жан-Пьерді туған балаларындай жақсы көріп кетті.

Бақыттан жан тапсыру

-Өзімді «жалғызбын» деп айтуға аузым бармайды. Мен үшін Жан-Пьер тірі, өмір сүріп жатыр. Иә, мені естімейді, бірақ күйеуіммен күнде сөйлесемін. Бірақ кей дауыстарды еститіндей. Ит үргенде, есік тарс жабылғанда селк етеді, - дейді Бернадет.

Уақыт шын мәнісінде тоқтап қалғандай. Басына бірен-саран ақ шаш шыққаны болмаса, Жан-Пьер 35 жыл бойы қартаймаған. Бірнеше күн бұрын 69 жасқа толды. Отбасылық дәстүрге сай Бернадет әр туған күнінде күйеуіне жаңа киім сыйлайды. Күн сайын жаңа футболка мен жемпір кигізіп қояды. 1982 жылы уақыт тоқтап қалған бөлмені жандандырып отырады.

Жан Пьер Адамс

Адамс ханым ғылым әлеміндегі жаңалықтарды жіті бақылап отырады. Күндердің бірінде Жан-Пьер Адамстың тоқтап қалған миын іске қосатын медицина туарына сенеді. Алайда бір ой оны жиі мазалайды.

-Күйеуімнен бұрын өліп кетемін бе деп қорқамын. Мен Жан-Пьерге күн сайын, сағат сайын қажетпін. Ол кішкентай бала сияқты, менсіз өмір сүре алмайды. Мен болмасам, оған кім қамқорлық танытады. Балаларым ба? Оларға масыл болғанын қаламаймын, өмірлері жарқын болса деймін. Бұл – менің тағдырым, - дейді әйел.

Бернадеттің төзімі қай уақытқа дейін жетеді? Мұны әркім әртүрлі болжайды. Жан-Пьердің оянатынына ешкім сенбейді де. Өлім мен өмірдің арасында қалып қойған адамға қамқорлық танытып жатқан әйелінің оқиғасын жұрт ертегілер мен аңыздардағы керемет махаббат хикаяларына теңейді. Алайда Бернадет үшін соңғы 35 жыл махаббатпен қатар қайғыға толы күндер саналды.

Жан Пьер Адамс

«35 жыл бойы тек бір арманмен өмір сүріп келемін, ең болмағанда 5 минутқа оянса екен. Оның даусын естігім келеді, құшағын сезінгім келеді. Тек содан кейін еш алаңсыз өлер ем... Бақыттан өлер ем...

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    20/04 14:08 0 441
    2
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    20/04 12:02 0 212
    3
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    20/04 11:50 0 183
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    20/04 00:01 0 344
    Оразаға дайындығың қалай?
    19/04 17:46 0 765

    Таныстырылғандар

    Қостанай қаласында 2 оқушы қызды көлік қағып кетті (видео 18+)
    Қостанай қаласында 2 оқушы қызды көлік қағып кетті (видео 18+)
    Қостанай қаласында 2 оқушы қызды көлік қағып кетті (видео 18+)
    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оқушы қыздардың миына зақым келген.
    11/04/2019 10:05 0 725
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Егер дәрігер түсініксіз талдау жасат, ота жасау керек деген кезде одан өз балаңа, етене жақын туыстарыңа да осы ақылды айтар ма едің деп сұра?»
    14/04/2019 10:18 0 4107
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    1999 жылы мектеп бітіргендер 9 баласы бар сыныптасына жаңа үй сыйлады (фото)
    Түркістан облысы Шарадары ауданының 1999 жылғы мектеп түлектері 20 жылдық мерейтойды қайрымдылық шарасына
    17/04/2019 06:56 0 1931
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады
    17/04/2019 07:34 0 2669
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    қалыңдық бұл туралы тойдың алдында ғана білген екен.
    17/04/2019 09:45 0 546
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Айдын күннің аманында бұл не сұмдық жағдай?
    17/04/2019 11:59 2 12645
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Президент аккаунтын коммерциялық мақсатта қолданып жүр
    Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбук парақшасында жариялады.
    17/04/2019 16:30 0 414
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Биыл Алматыда 700-ден астам адамды ит қапқан
    Өткен жылы Алматыда 16 мыңнан аса қаңғыбас ит ауланса, биыл небәрі 4 айдың ішінде олардың саны 5000-ға жуықтап қалған.
    18/04/2019 07:12 0 276
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Гүлшара Әбдіқалықоваға хат жолдады
    Азат Перуашев Үкіметке тарихи атаудың қайтарылуына дәлелдер келтірді
    18/04/2019 11:06 2 855
    Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?
    Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?
    Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?
    Қазақстанның бұрынғы президенті, ұлт көшбасшысы , қауіпсіздік кеңесінің тұрақты төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында жаңа титулға ие болмақ
    18/04/2019 17:02 0 1086
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Бұл антология біз үшін де, келешек ұрпақ үшін де өте құнды жәдігерге айналатыны белгілі
    19/04/2019 14:28 0 399
    Атырауда мамандандырылған ХҚКО шамамен 7 мың жүргізуші куәлігін берді
    Атырауда мамандандырылған ХҚКО шамамен 7 мың жүргізуші куәлігін берді
    Атырауда мамандандырылған ХҚКО шамамен 7 мың жүргізуші куәлігін берді
    Бұл мұнайлы өлкедегі ХҚКО –ның алғашқы 5 айдағы жұмысы
    19/04/2019 17:17 0 304
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 418
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    Жеңіл автокөлік бұрылған уақытта екі жігіт мінген мопед келіп, оң жақ бүйірден соққан.
    20/04/2019 11:50 0 183
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    Апатқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабының 4 тармағына сай қылмыстық іс қозғалды.
    20/04/2019 12:02 0 212