• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 02:00:14
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 Әлеумет

Міне, керемет! Имам көпбалалы анаға өзінің су жаңа көлігін сыйға тартты

Жақсылық жасаудың өлшемі болмайды. Мұқтаж жандардың қажеттілігін қамтамасыз етіп, мұсылман бауырға қол ұшын беру мүмін мұсылманның ең абзал ісі...

Жақсылық жасаудың өлшемі болмайды. Мұқтаж жандардың қажеттілігін қамтамасыз етіп, мұсылман бауырға қол ұшын беру мүмін мұсылманның ең абзал ісі болмақ. Жақсылық жасауға ұмтылып, қайырымдылық іс жасаймын деуші адам қолындағы кез-келген мүмкіндігін пайдалана алады. Қазақ елі қашан да жесірі мен жетімін жылатпаған намысты халық. Міне, бүгін де осындай игі жақсылық жасалынып жатыр.  Бүгінге дейін Ақмола облысының бас имамы болып келген Қанат қажы Қыдырмин, жамағаттың ризашылық ретінде сыйға тартқан  "Тойота Камри" автокөлігін баспанасы жоқ мұқтаж отбасыға пәтер алсын деп сыйға тартты. Жеті баланы жалғыз өзі бағып отырған жалғыз басты ана үшін бұл жаңалық тосыннан болды.

Көмекке мұқтаж мұсылман бауырларына жәрдем берген осындай игі азаматтарға Алла Тағала екі дүние бақытын нәсіп еткей!

Дереккөз: ihsan.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір