• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:25:54
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 Аймақтар

Міндетті медициналық сақтандыру: халықтың денсаулығын арттыруға арналған жүйе

Біз қазіргі уақытта міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) туралы жиі еститін болдық

Біз қазіргі уақытта міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) туралы жиі еститін болдық. Ал оның қаншалықты қажеттілігі бар? Жалпы бұл жүйенің тиімділігі неде? Біз оның нәтижесін қашан көре бастаймыз? Әрине, ол туралы әлі терең ойланбауымыз бек мүмкін. Өйткені оның игілігін 2020 жылдан бастап көре бастайтынымыз ақиқат. Сондықтан да қазіргі уақытқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты мемлекет тарапынан ақпараттандыру жұмыстары көбірек жүргізіліп әрі түсіндіріліп жатыр. Бұл заңды да. Өйткені оның берер пайдасы көп. Ең алдымен халықтың денсаулығы үшін қажет.

Бұл туралы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызу керек.Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын» деп атап көрсеткені белгілі. Міне содан бері екі жылға жуық уақыт өтті. Қазіргі нәтиже қандай? Енді біз аталған сараптамалық мақаланың аясында осы сауалдарға толыққанды жауап беретін боламыз. Сонымен...

ММСЖ тарихы қайдан басталады?

Жалпы әлем тарихына назар аударар болсақ, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі дамыған барлық мемлекеттерде бар және жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Айта кететін бір жайт, 1871 жылдан бастап, жұмысшыларға әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыратын заңдар жинағы жарыққа шығады. Сондан бастап, сақтандырудың әр түрі енгізіле бастайды. Атап айтар болсақ, өндірістен жазатайым зардап шеккендерді сақтандыру, сырқатқа шалдыққан кезде сақтандыру қорынан берілетін жәрдемақы жүйесі болды. Кейін бұл жүйе Еуропаның басқа мемлекеттерінде дамыды. Франция, Норвегия, Швеция, Жаңа Зеландия   осы германдық сақтандыру тәсілін қолдана бастады.  Қазір әлемнің көптеген елдері осы жүйеге көшті.

Міндетті медициналық сақтандыру қазақстандықтарға не береді?

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда Президент тапсырмасына орай 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді. Ал аталған жүйенің тиімділігі неде?

  1. Азаматтар сақтандыру қорына жарна төлейді, сол арқылы олар өзі қалаған кез келген дәорігерге барып қарала алады.
  2. Пациенттерді емдеуге сол қордан арнайы ақша бөлінеді.
  3. Қордағы әр пациенттің ақшасы арқылы жекеменшік емханалар да сырқат жандарды емдей алады.
  4. Бұл жүйенің тағы бір тиімділігі мынада: сақтандыру арқылы ем алатын азаматтардың саны артады.
  5. Медициналық мекемелер арасында бәсекелестік өрбиді. Осыған орай пациент емдеуші дәрігерді де өзі таңдайды.
  6. Міндетті медициналық сақ­тандыру адамдардың денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  7. Сақтандыру қорына тиісті мөлшердегі жарнаны жұмыс беруші төлейді.
  8. Жеке кәсіпкер де мұны төлеуге міндетті.
  9. Сақтандыру қорына тиісті мөлшерде аударылатын ақшаның барлығын жа жұмыс беруші өз қальасынан төлеуге міндетті.
  10. Мұның барлығы да адам өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажет

Айта кету керек, бұрын жалпы төлем бөлек -бөлек жүргізіліп келсе, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл жүйе өзгертілді. Атап айтар болсақ, Жаңа жылдан бастап, бүкіл қазақстандықтар, атап айтқанда жұмыс берушілер үшін жаңа төлем жүйесі іске асты. Ол бірыңғай жиынтық төлем деп аталады. Ал төртеуін саралап немесе даралап айтар болсақ, олар – міндетті төрт төлем –жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жасалатын төлем болып отыр.  Ал бірыңғай жиынтық төлем республикалық маңызы бар қалалар үшін (АЕК)  1 айлық есептік көрсеткіш (2525 теңге), өзге елдімекендер үшін (аудан, ауыл) - 0,5 АЕК теңгеге тең.

Мемлекет өз қазынасынан кімдерге жарна төлейді?

 Жалпы мемлекеттің өз азаматтарын қамқорлығына алғанын мына бір жеңілдіктерден де аңғаруға болады. 2020 жылдан бастап, өз қазынасынан азаматтардың 13 санаты үшін жарна төлейді. Бұл әрине жеңілдігі бар Қазақстан азаматтары үшін үлкен көмек. Олар кімдер, мемлекет қай топтағы азаматтарға көмегін немесе өз қолдауын көрсетпек? Кімдер жарна төлеуден босатылады? Сонымен...

-«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар,

І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар;

-балалар;

-зейнеткерлер;

-ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

-көп балалы аналар;

-жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

-жүктілік демалыстағы аналар;

-мүгедектер және мүгедек-балаларға қарайтын тұрғындар;

-тіркелген жұмыссыздар;

-интернат тәрбиеленушілері;

-студенттер,

-Қамаудағы адамдар және жұмыс істемейтін оралмандар;

- Уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторындағы азаматтар.

Айта кететін бір жайт, Міндетті сақтандыру шеңберінде медициналық (ММСЖ) көмек 2020 жылдан бастап халыққа қызмет ете бастайды. Ал «осы уақытқа дейін аударылып келген қаржы қайда кетті?» деп уайымдаудың қажеті жоқ. Ол ақша Ұлттық банкте сақталады. Сөйтіп, жиналған жарна 2020 жылы сақтандыру пакеті бойынша көрсетілген қызмет ақысын төлеуге біртіндеп жұмсала бастайды.

Әрине, мұның барлығы да болашақ ұрпақтың денінің саулығы үшін мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қадам. Бұл ең алдымен халықтың, яғни әрбір тұрғынның денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін оятады. Сонымен қатар, еліміздің медициналық қызметінің сапасы артады. Тағы бір атап өтетін бір нәрсе, қазіргі уақытта медицина саласындағы бар шығынды мемлекет көтеріп отыр. Нақты айтсақ, медицинаны дамытуға мемлекет қазынасынан көп қаржы бөлінуде. Оны жоққа шығармауымыз керек. Мұның барлығы атап айтар болсақ, шығын. Енді оның орнын толтыру мақсатында міндетті медицинадық сақтандыру жүйесі өмірге келді.  Енді азаматтардың жарна арқылы қорға жиналған ақшасы өздеріне қызмет ететін болады. Бұл жерде адамдар қай емханаға барып емделетінін де өздері таңдайды. Егер сырқаттанушылар өзі таңдаған ауруханаға немесе емханаға барғысы келсе, сол ммедицинадық мекемеге ақша аударылады. Бұл осы орайда медициналық мекемелер арасындағы бәсекелестікті күшейтеді, сондай-ақ дәрігерлердің жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ, медициналық материал­дық-техникалық базаныны жақсара­ды.

Сақтандыру қорында қанша қаржы бар?

Жалпы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 2020 жылдан бастап мемлекет медициналық көмекті ұлғайтуды көздеп отыр. Атап айтсақ, медициналық сақтандыру қорына жарнасы мемлекеттен төленетін азаматтардың тізімі кеңейтіледі. Бұл орайда үкімет аталған азаматтарға үлкен жеңілдік жасап отыр. Ал бұл тізімге 1 топтағы мүгедектерге күтім жасайтын жұмыссыздар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындар, төрт және одан көп бірге тұратын жасы кәмелетке толмаған балалары бар, соның ішінде күндізгі оқу нысанында оқитын отбасылар кіреді. Бұл әрине мемлекеттің азаматтарын қамқорлықсыз қалдырмайтынын білдіреді.

Осы жерде туатын бір сауал: еліміздің тәуелсіздік алғанына 27 жыл өтті. Ал міндеттің медициналық сақтандырудың соңғы екі-үш жылда жүйелі түрде енгізіліп жатқанының сыры неде? Атап айтар болсақ, оның бірнеше себебі бар. Алдымен Қазақстанның экономикалық өсімі артты. Жұмыссыздық азайды. Қазір елдегі әр адамның тұрақты жұмыс орны бар. Мұндай жағдайда жұмыс берушілер де, жеке кәсіпкерлерде өз қарамағындағы жұмысшылардың құқын қамтамасыз ете алады. Демек, бұл міндетті медициналық сақтандыру қорына тиісті жарна аудара алады деген сөз. Бұл пікірге уәж келтірер болсақ, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «алдымен экономика, сосын саясат» қағидасының дұрыстығы және өміршеңдігі барған сайын айқындалып келе жатқанына көз жеткізесің.

Енді деректерге назар аударар болсақ, былай: 2017 жылдың шілдесінен бастап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғаны белгілі.  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 21 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы көлемі 145 млрд  теңгені құраған. Ал үстіміздегі жылдың соңына дейін шамамен 240 миллиард теңге жиналады деп жоспарланып отыр. Бұл әрине үлкен қаржы екені сөзсіз. Мұның барлығының алдағы уақытта қайтарымы болады. Сол үшін халық аударылып жатқан жарнаның игілігін келешекте көреді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір