• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:14:16
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2017 NEWS

«Мерейлі отбасы 2017» анықталады

Жеңімпаз отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы» күні ретінде белгілінген. 4 жылдан бері аталып келе жатқан күннің дәстүрлі шарасы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауы биыл да жалғасын тапты. Байқау 16 қыркүйекте «Қазақстан» ОКЗ-де өтетін  салтанатты рәсіммен қорытындыланады, деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде байқау ұйымдастырушыларымен өткен баспасөз конференцияда белгілі болды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өткізіп келеді. Биылғы жылы конкурсқа 2879 отбасы қатысып, олардың ішінде 1041 отбасы көп балалы екені анықталған.  Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда еңбеккерлер әулеттері өкілдерінен құралған отбасылардың саны 6,8%-ға өсіп, биыл 516 отбасы қатысқан.

Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззат Сүлеймен атап өткендей, Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани ой-санасын жаңғыртудың негізгі бағдарлары айқындалған. Бұл бағыттағы отбасы институтының ролі өте жоғары.

«Мерейлі отбасы» конкурсының финалдық кезеңінде жеңімпазды анықтау үшін елдің барлық азаматтары kaztube.kz сайтында және СМС-хабарламалар арқылы интерактивті дауыс беру арқылы тікелей қатыса алатындығын еске саламыз. Ал жеңімпаз отбасыға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияға қатысқан Ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Ұлттық комиссия әкенің бала тәрбиесіндегі ролін күшейтуге, отбасы институтын нығайтуға және отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аударуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір