• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:36:08
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 Денсаулық

Менингиттен сауыққан баланың анасы: Жедел жәрдем 10 минутта келді

Бала ауруханаға жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жеткізілген.

Алматыдағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында Заңғар Асқарұлы есімді бала менингиттен сауығып келеді. Оған іріңді менингит диагнозы қойылған. Бұл жайында Zakon.kz жазады. Баланың анасы Гүлнұрдың айтуынша, бала инфекцияны аулада ойнап жүргенде жұқтыруы мүмкін.

— Заңғар жобамен 23 мамырда ауырып қалды. Біз сол арада жедел жәрдем шақырдық. Олар 10 минутта келді. Ауруханаға барған соң 30 минутта барлық сараптама жасалды, - дейді Заңғардың анасы.

Бала ауруханаға жедел тыныс жолдарының вирустық инфекциясын жұқтырды деген күдікпен жеткізілген, алайда дәрігерлер ине арқылы баланың ауруын анықтауды ұсынған.

— Мен баламның қауіпсіздікте екеніне 100 пайыз сенімді болғым келді. Сондықтан дәрігерлердің айтқанына келісімімді бердім. Нәтижессінде менингитті анықтады, - дейді Гүлнұр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір