• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:39:01
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Менің орнымда басқа әйел болуы керек еді...

Босанған кезде де қатты қиналдым. Балаларым уақытынан бұрын дүниеге келді. Дәрігерлер ұлымның аман қалуы екіталай деді.

  Бір сәтте  мүгедек күйеуі мен ауру баласымен жалғыз қалған әйелдің басынан өткен оқиғасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лента.ру-ға сілтеме беріп жазады.

Дмитрий   үйленіп, кез келген отбасы сияқты бала-шағалы болуды қалаған. Алайда Құдай жұбайы екеуіне егіз сыйлаған. Ең қиыны, олардың қыздары Алина аман-есен туылса, ұлдары Артур тұншығып, тірі қалуы екіталай болған. Ұлдары аман қалса да,  денсаулығында ақау бары анықталған.

Осы уақыттары әйелдің жұбайы құрылыста аяғын сындырып, оның аяғын ампутациялауға (кесуге) тура келген. Бір сәтте  мүгедек күйеуі мен ауру баласымен жалғыз қалған әйел өмірі жайлы былай дейді:

«Күйеуіміз екеуіміздің танысуымыз қызық болды. Он екі жыл жүзін көремеген құрбымды әлеуметтік желі арқылы тауып алып, оның үйіне қонаққа барған болатынмын. Құрбыммен сөйлесіп, танысып болған соң, ол маған қазір үйге  бір жігіт келеді, сол жігітті қайын сіңліммен таныстырамын деді. Бір кезде әлгі жігіт, (есімі Дима екен) үйге кіріп келді: киімі ұсқынсыз, кір, денесі бояу - жұмыстан келе жатыр екен. Амандастық та, мен ары қарай ыдыс жуып кеттім. Біраз уақыт өткен соң, қарасам, киімін ауыстырып алып, жейде киіп алыпты.

Ең қызығы, құрбымның қайын сіңлісімен қосылудың орнына ол  менімен қосылды»-дейді әйел.

«Мен бірінші некеде 8 жыл тұрдым. Бірінші некеден балаларымыз болған жоқ, кейін ажырасып кеттік. Бір күні достарым хабарласып басқа қаалға шақырды. Бізге кел, жұмыс та, жақсы қыз да тауып береміз деді. Достарымның үйіне қонаққа бардым, сөйтсем алдымда сұп-сұлу қыз тұр. "Мәссаған!" дедім. Одан кейін сұлу қыз өз үйіне қайтып кетті. Хабарласып тұрдық, содан кейін үйлендік»-дейді Дмитрий.

"Балаларымыз туылды. Бір емес бірден екеу бұйырды. Бір жағынан қуанышты жаңалық  болса, екінші жағынан көкейде қорқыныш болды. Олар туыла сала, жұмыста аяғымды сындырып алдым. Құрылыста жүргенде сатыдан құлап аяғым шығып кетті. Ауруханада аяғымды кесеміз деді. Жалпы барлығы 13 ота жасалды. Жүре алмадым. Балаларымды отырып қарайтын болдым. Өзім бала сияқты қауқарсыз болды да қалдым"-дейді екі баланың әкесі мүгедек болып қалған Дмитрий.

«Егіздер болатынын білгенде шошыдым. Жүктілік мен үшін ауыр болды. Бүйрегім ауырғандықтан, оларды көтеру қиын болды. Босанған кезде де қатты қиналдым. Балаларым уақытынан бұрын дүниеге келді.  Дәрігерлер ұлымның аман қалуы екіталай деді. Жансақтау бөлімінде бір жарым ай жаттық. Ауруханадан шықтық, Артур ұлым аман қалды. Қазір екі балам да екі жаста. Қызым сөйлейді, ал ұлым болса бір нәрсені бірнеше рет айтқанда ғана естіп, кейбір нәрселерді түсінбей жүрді. Дәрігерлерге барып қаралған соң, ұлымның есту қабілеті нашар екені анықталды. Емделіп жүрдік. Сол уақытта ұлым қайта ауырып қалып, естуі тіпті нашарлап кетті. Арнайы аппарт құралын сатып алып енді соның көмегімен Артур жақсы еститін болды»-дейді екі баланың анасы.

отбасы

Біз күйеуім екеуміз, балаларымызбен жамандық жайлы ойламау керек деп есептейміз. Махаббат пен жақсы көңіл-күй ғана адамға күш береді. Аштықтан басқаның барлығына төзуге болады. Біз тағдырдың кез келген сынағына дайынбыз дейді әйел.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір