• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:47:08
Алматы
+35°

Димаштың украиналық жанкүйері қазақ халқы туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасына жазған. 

Ол қазақ халқын қатты жақсы көретінін жазып, алғыс білдірді.

"Сезімімді ішке сақтай алмадым. Мені мұндай күйге түсірген, әрине, Димаш. Себебі көз тартарлықтай келбеті мен ғажап даусы бар Димаштың – ұлты қазақ. Мені қазақ халқы таңғалдырды. Иә, олардың салт-дәстүрі, әндері құлаққа жағымды, ұлттық киімдері көз тартарлықтай әдемі. Бірақ қазақтардың көпшілігіміз байқай бермейтін бір ғажабы бар. Ол қазақтардың даналығында, әр ою-өрнегінің терең мән-мағынаға ие болуында. Сондай-ақ, қазақтар өте мәдениетті халық. Бірнеше ұлт өкілдерімен бірге нәсілшілдікке бөлінбей, тату-тәтті тұрып жатқан олар қандай дана еді?! Өзге ұлттың да мәдениетін құрметтейді, бірақ өз мәдениетін, ұлттық құндылығын ұмытпайды. Бұл қазақтарға ғана тән қасиет шығар. Өздеріне сенімді, мәдениетті әрі тәрбиелі. Димаш қазақ халқының артықшылықтары туралы көп айтатын. 

Сондай-ақ, қазақтар кешірімді халық. Бұл барлық адамға берілген қасиет емес. Олар өкпе-ренішін ысырып қойып, мәрттік таныта алады, мейірімді бола алады. Мұның құпиясымен бөліссе, барлық адамның кәдесіне жарар еді. 

Сондай-ақ олар балажанды болып келеді. Қазақтар балаларын алақанына салып, аялап өсіреді. Маған Қазақстандағы кішкентай балалардың киінгені қатты ұнайды. Олар өздеріне киім алмаса да, барын балаларының аузына тосып отырады. Басқа да көптеген жақсы қасиеттері бар. 

Меніңше, Димаштың барлық жанкүйерлері қазақ болған шығар. Өзіңді әлемге Димаштай ұлды сыйлаған қазақ секілді сезінудің өзі керемет сезім емес пе?!", -деп жазды украиналық Галина Вильвовская. 

Аударған: Әсел Болатқызы 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір