• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:08:49
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 NEWS

"Мен жүрген жерлер әйтеуір тап-таза" деген Елбасы залды ду күлдірді

азарбаев тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасаған Алматы әкімі Бауыржан Байбекті мақтады.

Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларды атады.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Жолдауында Елбасы адам құқықтарына ерекше тоқталып өтті. Бірінші кезекте адам денсаулығын бірінші орынға қою керек екенін баса айтты. Ол үшін тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасауды тапсырды. Мұны айтқан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті мақтады.

«Сапалы өмір сүру дегеніміз жайлы пәтерде тұру деген сөз. Жұмысына да жақын, үйінің сапасы да жоғары, ауласы да жайлы. Бұл жағынан Алматының әкімі Бауыржан Байбекке қошемет көрсетіп қойсаңыздар болады. Астана да дәл солай», - деген Назарбаев «Әйтеуір мен жүрген жерлер таза» деп залды бір күлдіріп алды.

Дегенмен Елбасы кез келген уақытта кез келген бұрышқа өте салатынын ескертті.

Елбасының 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмнің алдын алу, қылмыстық жазаны өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды.

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Ал 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады. Онда Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады.  үш тілді меңгерген кез келген этникалық топтың өкілі Президент бола алатыны айтылды. 2018 жылы зейнетақы мен жәрдемақының және мұғалімдер жалақысының неше пайызға өсетінін хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір