• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:49:29
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018 Тарих

"Мен Жаратқан иемнің жазасын беретін өкілімін!"

Шыңғыс хан: "Егер сіз ауыр күнә жасамаған болсаңыз, Жаратқан Ием мені сендерге қарсы шығармайды!"

Шыңғыс хан Моңғолияда 1162 жылы дүниеге келді, туған кезде оған Темүжін есімі берілді. Ол 16 жасында үйленген, өмір бойы көп әйел алған. 20 жасында ол Солтүстік-Шығыс Азиядағы жеке тайпаларды жаулап алу және оларды билігінің астына біріктіру ниетімен үлкен әскер құруға кірісті. Ойға алғаны іске асты да. Моңғол империясы әлемің алпауыт мемлекетіне айналды және Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін де өмір сүрді (1227 жылы).

Моңғолияда 1162 жылы туған Шыңғыс хан Темүжін деген атпен аталды. Бұл оның әкесі Есугей баһадүрдің қолына түскен татар басшысының есімі. Жас Темүжін Борджыгин тайпасының мүшесі және 1100 жылдардың басында Моңғолияны солтүстік Қытайдағы Шин әулетіне қарсы біріктірген Хабул ханның ұрпағы болды. Моңғолдардың құпия тарихына (Моңғолия тарихы туралы заманауи әңгіме) сәйкес, Темүжін қолында ұйыған қанмен дүниеге келді. Моңғол фольклорында ол әлемнің билеушісіне айналуының белгісі ретінде қарастырылды. Анасы Хоэлун оған құбылмалы моңғол тайпалық қоғамында аман қалуды үйретті және керек кезде одақтасуға кеңес берді.

Темүджін 9 жаста болған кезде әкесі Есугей оны болашақ қалыңдықтың отбасына жібереді. Үйге оралғанда Есугей татар тайпасының өкілдерімен кездеседі. Олар оны мереке тойына шақырады және татарларға қарсы жасаған қылмыстар үшін тамаққа у қосып, өлтіреді. Темүжін әкесінің қайтыс болғанын біліп, үйіне өз рудың жетекшісінің атағын беру үшін оралады. Алайда ру баланы билеуші ретінде танудан бас тартады және Темүжінді мен оның кіші және аға ұрпақ ағайындарымен бірге қуып шығады, оларды қайыр сұрайтын өмірге итермелейді. Отбасы қиын жағдайда өмір сүруге мәжбүр болады. Аң аулау кезінде Темүжін Бехтер есімді бауырымен жанжалдасып, оны өлтіреді, осылайша отбасының басшысына айналады.

16 жаста Темүжін Бөрте қызға үйленеді, ол Коңырат тайпасынан болатын. Қоңыраттықтар Темүжіннің тайпасымен жеке одақ құрып, оның абырой-беделін күшейтеді. Көп ұзамай Бөртені Меркіт тайпасы ұрлап кетіп, көсемдері оны өз әйеліне айналдырады. Темүжін онымен шайқасып, Бөртемен қайта қосылып, дүниеге көп ұзамай Темүжіннің тұңғыш ұлы –  Жошы келеді. Бөртенің тұтқында болғанына қарамастан, Темүжін Жошыға өз туған баласындай қарайды. Бөртеден Темүжіннің төрт ұл болады, сондай-ақ басқа әйелдерден көптеген балалары дүниеге келед. Алайда, тек Бөртеден туған ұлдары ғана мұрагерлік құқыққа ие болды.

♦Шыңғыс ханның шындығы

Темүжін 20 жасқа келгенде бұрынғы отбасылық одақтастары – Тайцзи қолға түсіреді. Олардың біреуі оны құтқаруға көмектескен екен, көп ұзамай Темүжін өзінің ағайындылары мен бірнеше ру-тайпаларымен бірге алғашқы әскерін жинайды. 20 мыңнан астам адамнан тұратын үлкен әскерді құрып, билікті тез нығайтады. Әскери тактиканы, қатыгездікті қолдана отырып Темүжін әкесін өлтіргені үшін татар әскерін жояды. Ол әр татар ұлын өлтіреді. Темүжіннің моңғолдары Тайцзиді жеңіп, барлық басшылардың көзін құртады. 1206 жылға қарай Темүжін қуатты Найман тайпасын жеңіп шығады және орталық және шығыс Моңғолияны басқаруға қол жеткізеді.

Моңғол армиясының жетістігі Шыңғыс ханның тамаша әскери тактикасына байланысты, сондай-ақ ол өз жауларының ниеттерін түсінуге үлкен мән берген екен. Ол ауқымды тыңшылық желісін пайдаланып, өз жауларының жаңа технологияларын тез қабылдауға тырысты. 80 мың жауынгерден тұратын моңғол әскері жақсы дамыған  күрделі сигнализация жүйесі – түтін мен жанып тұрған шанышқыларын пайдаланған.

Үлкен барабандарды командалар бұйрық беру үшін қолданған. Әрбір моңғол жауынгері толығымен жабдықталған: ол жебелі садақ, қалқан, қанжар, т.с.с. қаруларға ие болған. Әр моңғол жауынгерінің азық-түлік, құрал-саймандар мен қосалқы киімдері салынған үлкен сөмкесі бар болатын. Сөмке суға төзімді келді. Терең және қарқынды өзендерді кесіп өту үшін оны сорғызу мүмкін болды.

Атты жаунгерлер кішкентай семсер, балта, ілмек найзасын пайдаланды. Барлық армияның жақсы ұйымдастырылған жүйесі болды: солдаттар мен жылқыларға арналған азық-түлік, әскери техника, рухани және медициналық көмек үшін шамандар, сондай-ақ трофеи жазбаларын жүргізу үшін арнайы есепшілер тартылды.

♦Шыңғыс хан сарбаздары тұтқынға түспеген, майдан даласында өлік қалдырмаған

Моңғол тайпаларының жеңіске жеткен соң, олардың басшылары бейбітшілікке келісіп, Темүжінге «әмбебап билеуші» дегенді білдіретін «Шыңғыс хан» деген атақ береді. Титулдың тек саяси ғана емес, сондай-ақ рухани мәні бар болатын. Жоғарғы шаман Шыңғыс ханды Моңғолияның ең биік құдайы Монке Көк Тәңірі («Мәңгі Көгілдір Аспан») өкілі деп жариялайды. Құдайдың мәртебесі оның тағдырына әлемді басқару құқығын берді деп айтты. Сондықтан Шыңғыс хан бір жауларына: «Мен Жаратқан иемнің  жазасын беретін өкілімін. Егер сіз ауыр күнә жасамаған болсаңыз, Жаратқан Ием мені сендерге қарсы шығармайды!» депті.

Халық саны өскен сайын азық-түлік пен ресурстар азайды. 1207 жылы Шыңғыс хан өз әскерлерін Си Ся патшалығына қарсы жорық жасатады. 1211 жылы Шыңғыс ханның әскерлері Қытайдың солтүстігіндегі Цзинь әулетінің патшалығын басып алады.

Шыңғыс хан Түркістан, Персия және Ауғанстанды жаулап алу үшін Хорезм әулетімен сауда қарым-қатынастарын орнатуға дипломатияны қолданады. Бірақ Отырар билеушісі моңғол дипломатиялық керуенді тыңшылық миссиямен айналысып жатқанын байқап, олардың бәрін өлім жазасына кеседі. Шыңғыс хан осы қорлық туралы естігенде, оған Отырардың басшысын берілуін талап етеді. Хорезм әулетінің басшысы Шах Мұхаммед бұдан бас тартып, наразылық білдіріп, Моңғолия елшісін қабылдамайды.

Бұл оқиға Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны қамтитын қарсылық толқынын тудыруы мүмкін еді. 1219 жылы Шыңғыс хан Хорезм әулетіне қарсы 200 мың моңғол жауынгерлерінің армиясын өзі басқарып, соғыс бастайды. Моңғолдар бекіністер бар қалалардың бәрін тез жаулап алады. Ешкім тірі қалмады, тіпті төрт түлік малға дейін қырылды. Ерлердің, әйелдердің және балалардың сүйектері пирамидаға айналады. Қалалардың бірінен соң бірін жеңіп, соңында Шах Мұхаммед, содан кейін оның ұлын тұтқынға алып, өлтіреді. 1221 жылы Хорезм әулеті өмірден өтеді.

Уақыт өте келе Шыңғыс хан Қытай мен Еуропаның ірі сауда орталықтарын байланыстыруға жол ашады. Моңғол империяны оны Яса деп аталатын заң кодекспен басқарады. Бұл заң жинағын Шыңғыс хан өзі әзірледі, онда ол қанды кек қайтаруға, неке адалдығын бұзуға, ұрлыққа және өтірік айтуға тыйым салынды. Ясаны бұзу өліммен жазаланатын болды. Жоғары діни қызметкерлер мен кейбір қолөнершілер үшін салықтық үзілістер болған, діни төзімділік белгіленді, бұл моңғол дәстүрін дінді айыптауға немесе араласуға болмайтын жеке сенім ретінде көруге әкелді. Империяда әртүрлі діни топтар бар болғандықтан бұл дәстүр практикада қолданылды.

Шыңғыс хан Си Сяны жаулап алғаннан кейін көп ұзамай 1227 жылы қайтыс болады. Оның өлімінің дәл себебі белгісіз. Кейбір тарихшылар аң аулау кезінде аттан құлап шаршағандықтан және жарақаттардан қайтыс болған деп мәлімдейді. Шыңғыс хан өз жерінде, Онон өзенінің маңында моңғолдардың әдет-ғұрыптарына сәйкес құпия жерде көмілген. Аңыз бойынша жерлеуге қатысқан адамдарды өлтірген, қазіргі дейін ешкім Шыңғыс ханның жерлеген жерін нақты білмейді.

Өлгенге дейін Шыңғыс хан жоғары басшылықты ұлы Өгедейге береді, ол Шығыс Азияның көп бөлігін, соның ішінде Қытайды басқарады. Империяның қалған бөліктері басқа ұлдар арасында бөлінді: Шағатай Орталық Азия мен солтүстік Иранды алды; ең кішісі Толуй Моңғолия жерін басқарды; және Шыңғыс ханның өліміне дейін қаза тапқан Жошы және оның ұлы Бату заманауи Ресейдің жерін бақылауға ие болды және Алтын Орда мемлекетін құрды. Империяны кеңейту жалғасып, Өгедейдің басшылығымен шыңына жетті. Моңғол әскері Персияны, оңтүстік Қытайды және Балқанды басып алады. Моңғол әскерлері Венаның (Австрия) қақпаларына жеткенде Батудың ұлы қолбасшысы ұлы хан Өгедейдің қайтыс болғаны туралы хабар алып, Моңғолияға оралады.

Сонымен, 1206 жылы көшпенді тайпалардың бірігуінен кейін Темүжін Шыңғыс хан деп жарияланды. 1215 жылға қарай моңғолдар қытайлық Цзинь империясының басым бөлігін жаулап алады. 1221 жылы Хорезмнің Ургенч қаласы жойылады. 1237 жылдан 1241 жылға дейін орыс князьдардың көпшілігі моңғолдардың билігін мойындайды. 1241 жылы көшпенділер Шығыс Еуропаға басып кіреді, 1243 жылы Анатолияны басып алады. Бағдад 1258 жылы тізе бүгеді. Ал ассасиндердің атақты бекінісі – Аламут бекінісін 1256 жылы басып алады.

Көптеген тарихшылар садақтың жаңа түрін ойлап табылуы көшпенділердің жеңістерінде шешуші факторға айналғанын айтады. Моңғолдардың революциялық өнертабысы – олар бірнеше пластиналардан садақ құрастырды: құрылымды нығайтқаннан кейін садақ әлдеқайда серпінді болды. Мұндай артықшылықты отаршылықпен өмір сүрген халық пайдаланбаған еді.

Садақтың қуат-күшін нығайтумен бірге бұл қарудың мөлшерін айтарлықтай азайтуға және оны атқа мінген кезде де пайдалануға мүмкіндік берді. Жебенің жеткілікті санымен жауынгерлер қозғалыста қарқынды атуға мүмкіндікке ие болды. Бұл әсер автомат қаруды қолданғанмен бірдей. Сонымен қатар қарудың жаңа түрінің яғни жебе күшінің кереметтілігі – оқ дәрімен ататын қарудың күштерінен кем болмауы.

 

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымының кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір