• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 06:47:44
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2019 NEWS

"Мен Қазақстаннанмын..." - қазақстандық әйел бомбылаудан қашып буферлік аймаққа келуде

Әлеуметтік желі қолданушысы Асхат Ахмедяр өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Сириядағы тұрғындар түсірілген видеоны жариялады

Әлеуметтік желі қолданушысы Асхат Ахмедиаров өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Сириядағы тұрғындар түсірілген видеоны жариялады. Оның айтуынша, ол жердегі адамдардың арасында Қазақстанның азаматтары да бар екен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше түндегі France 24 arabic телеарнасының эфирінен болған арнайы репортаж. Арасынан "Я из Казахстана!" деген сөзді құлағым шалып қалды. Кезекті тағы бір қаракөзіміз, бомбылаудан қашып буферлік аймаққа келіп жатыр екен. Бүгіндері "Сирияның Демократиялық Күштері" әскерлері ДАИШ-тың соңғы Бағуз тауы мен Ефрат өзендерінің маңындағы ұяшықтарына соққылар жасауда. Нәтежиесінде мыңдаған содырлардың әйелдері мен балалары азат етіліп жатырған аймақтардан буферлік орындарға орналасуда. Көбісі, Түркияға барып сол елде қоныстанамыз десе, (оларды қабылдайын деп жатқан Түркия бар болса) ал Еуропаның кей мемлекеттері бұл азаматтарды өз елдеріне қайта қабылдауға мүлде қарсылық танытып жатыр. Және өз кезегінде адам құқығын қорғайтын институттар мен қауіпсіздік саласының мамандары арасында үлкен диспутқа айналуда. Негізі тағы бір "Жусанның" иісі шығып келеді. Жалпы біздің тәжірбиемізге келер болсақ, елге 47 азаматтың қайтарылғанын білеміз, алайда олармен жүріп жатырған жұмыстардан еш хабарымыз жоқ?! Қандай жерде өмір сүріп жатыр, ендігі өмірлері не болады?! Радикалды райларынан қайтты ма, адами факторлар қалайша есепке алынуда?! Бейімделу орталығында ғана екенін білеміз, арасында сұхбаттар беріп тұрады болды. Қайдан, қалай екені белгісіз?!" - деп жазады Асхат Ахмедиаров.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір