• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 10:10:05
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2018 Әдебиет

Мен - Қазақпын, ескертем...

Мен - Қазақпын, ескертем, Біздей емес еш мекен. Жерімізде бірнеше, Өзге ұлттар жүр неше? Тартып жүрсін табанын, Тарихымды білмесе...

Мен - Қазақпын, ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Жерімізде бірнеше,
Өзге ұлттар жүр неше?
Тартып жүрсін табанын,
Тарихымды білмесе.

Түріктерге ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Біліп жүрсін бірақта,
Алтын сырға құлаққа.
Бұл қазақты басынған,
Жете қоймас мұратқа!

Қытайларға ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Өз илеуін илесін, 
Қызымызға тимесін.
Азаматтық алам деп,
Бетке маска кимесін!

Ағылшынға ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Ұқсын тіпті ұқпасын,
Мұрындарын тықпасын.
Қазақ қана ұстайды,
Бұл Отанның тұтқасын!

Ұйғырларға ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Пысық солар көбіне,
Шығып алған төріме.
Тыныш жортқан түздегі, 
Тиіспесін бөріге!

Арабтарға ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Көрсеткен соң төбесін,
Мұсылман деп сенесің. 
Қазақтарды доллармен,
Араб қылам демесін!

Кəрістерге ескертем,
Біздей емес еш мекен. 
Қаза бермей кенімді, 
Іс жасасын сенімді.
Кенді сатып алғанмен,
Сатып алмас Елімді!

Орыстарға ескертем,
Біздей емес еш мекен. 
Көрші болса көктесін,
Іргемізді сөкпесін. 
Бұғауымда болды деп,
Бұғанамнан теппесін!

Өзбектерге ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Бұрсадағы ат басын,
Бəрін есте сақтасын. 
Жемісімді сатса да,
Келісімді сатпасын.

Қырғыздарға ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Елдің бұрған назарын,
Бизнесі базарым.
Бірақ əрбір базардың, 
Қожайыны қазағым!

Бəріне де ескертем, 
Біздей емес еш мекен.
Қонақжаймыз, аңғалмыз,
Көкбөріміз, тарланбыз. 
Дұшпанды да дос көрер,
Досқа адал жандармыз!

Ең соңғы рет ескертем,
Біздей емес еш мекен.
Мейлі, кезіп əлем көр, 
Құшақ ашпас бар елдер.
Қандай қазақ көрсең де,
Аттан түсіп сəлем бер.
Сонда қазақ саған да,
Қазақтығын дәлелдер!

Саят Əбенов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір