• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:03:16
Алматы
+35°

05 Қыркүйек, 2017 Оқиғалар

«Мен Путиннің адал жауынгерімін, тіпті ол үшін жанымды құрбан етуге бармын»

Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров Путинге Мьянмадағы мұсылмандар туралы пікір білдіргені үшін алғыс айтты.

Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров Путинге Мьянмадағы мұсылмандар туралы пікір білдіргені үшін алғыс айтты, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

«Мен Ресей елінің президенті Владимир Путинге Мьянма үкіметінің мұсылмандарға зорлық-зомбылық көрсеткенін айыптағаны үшін өз ризашылығымды білдіремін. Мен осы кезге дейін бірнеше рет айтқан болатынмын, мен біздің президенттің адал жауынгерімін, кез-келген бұйрығын да орындаймын, тіпті өз жанымды құрбан етуге бармын. Ал кімде-кім менің сөзімді бұрмалап, бейкүнә адамдардың өлгеніне бейжай қарайтын болса олар рухани тұрғыдан құлдырап бара жатыр.Тағы да айта кетейін, мен үшін дін үнемі бірінші орында тұрады және солай болып қала береді. Мен бұл өмірде Алладан ғана қорқамын. Менің барлық іс-әрекетім дінмен тікелей байланысты және барлық діни талаптарды орындайтын мұсылманның ісі болып табылады.

Көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созу менің мұсылмандық парызым. Сонымен бірге әділетсіздікпен күресуге де міндеттімін», - дейді Рамзан Қадыров.

Рамзан Қадыров қарапайым адамдар үнемі саяси ойынның құрбаны болатынын, ал ойынды жүргізетін саяси қайраткерлер екенін  де  ескертті.

Айта кететін болсақ, Ресей президенті Мьянмада болған геноцидке қатысты қарсы пікір білдірген болатын.  Путин Мысыр елінің президенті Абделем Фаттахом ас-Сисимен кездесу кезінде Мьнмадағы мұсылмандарға қарсы зорлық-зомбылықты айыптады.  Путиннің бұл көзқарасын Мысыр президенті де қолдаған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір