• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:49:31
Алматы
+35°

03 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Мен оралдым". Илья Ильин отандастарына видео үндеу жолдады

Қазақстандық чемпион екі жылда өзін қолдап, сенгендерге ерекше алғысын білдірді.

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин дизквалификацияның уақыты аяқталысымен ұлттық чемпионатта жеңіске жетіп, отандастарына арнап видео үндеу жариялады.

Қазақстандық чемпион екі жылда өзін қолдап, сенгендерге ерекше алғысын білдірді.

«Бәріңізге сәлем! Міне, көптен күткен алтыным. Бүгін ол мендік болды, жеңіп алдым. Мені қолдап-қолпаштап жүрген достарыма алғыс айтқым келеді», - деді ол.

Атлеттің бұл жеңісі соңғы емес.

«Бүгін мен үшін алғашқы старт болды, мен оралдым. Енді көбірек жаттығып, әлем чемпионатын бағындырсам деймін. Мақсатым – олимпиада ойындар», - деп жоспарымен де бөлісті.

Илья Ильиннің айтуынша, спорттан шектеу уақытынан кейінгі алғашқы жеңісі өзін қолдаған достары мен жақындарына ортақ.

«Бұл біздің ортақ медаліміз», - деп сөзін қорытындылады Ильин.

Айта кетейік, үш жылдық үзілістен кейін үлкен спортқа қайта оралған даңқты ауыратлет Илья Ильин Қазақстан біріншілігін жеңіп алды.

Талдықорғанда өтіп жатқан ел чемпионатында Ильин 102 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын. Ол қос жаттығудың нәтижесінде 380 келіні (172+208) бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір