• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:56:43
+35°

03 Қараша, 2018 NEWS

"Мен өлген жоқпын. Менің зиратымда жатқан кім?"

Айғали Супуғалиевтың өз отбасы жоқ. Араға біраз уақыт салып полиция қызметкерлері Айғалидың жақын туыстарын мәйітханаға шақырады.

Атырау қаласы Томарлы ауылындағы 2 ай бұрын жерленген азамат үйіне оралды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі azh.kz сайтының дерегін негізге алып. 

20 маусымда 63 жастағы Айғали Супуғалиев үйден шығып кетіп із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол бұрын бірнеше апта бойы үйге келмей жүретін. Сол себепті Айғалидың інісі 9 шілдеде ғана полицияға ағасының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Айғали Супуғалиевтың өз отбасы жоқ. Араға біраз уақыт салып полиция қызметкерлері Айғалидың жақын туыстарын мәйітханаға шақырады. Жаз мезгіліндегі қатты ыстықтың кесірінен мәйітті бірден тану мүмкін болмады. Алайда ДНҚ сараптамасы 99,92 пайызды көрсетіп, Айғали Супуғалиевтің қайтыс болғаны расталған.

Аманғали

"Сараптама қорытындысы қайтыс болған менің ағам екенін растады. Біз мәйітті үйге әкеліп, мұсылманша жерлеу рәсімін өткіздік. Қайтыс болғаны туралы құжатты да алған болатынбыз. Ал Аманғали үйге келген кезде менің қызым жүрек талмасынан өмірімен қош айтыса жаздады", дейді Айғалидың ағасы.

Ал Айғали Супуғалиев үйден шығып кеткеннен кейін Дина базарында бір адаммен танысады. Ол қала маңындағы шаруақожалықта 4 ай жұмыс істеуге шақырып, ұсыныс жасайды. Аманғали бірден келісіп, 4 ай жұмысын аяқтаған соң үйге қайтып оралады. Ол Атырау қаласына дейін жаяу келген. Қазір Аманғалидың туыстары құжаттарды реттеп, өздері жерлеген адамның кім екенін білгісі келіп отыр.

Аманғали Супуғалиев

Ал ДНҚ сараптамасын жүргізген сарапшы Ақмарал Жұбатырова бұл жайт бойынша ақпарат беруден бас тартты. Оның айтуы бойынша, мәйіттің нақты кім екенін ДНҚ сараптамасының нәтижесімен ғана анықтауға болмайды екен.

"Себебі сараптама нәтижесіндегі расталмаған 0,8 пайызды да ұмытпау керек. Ал қазір менің қандай да бір ақпарат беруге құқығым жоқ", дейді сарапшы.

Айғалидың туыстары бұл жайт бойынша сотқы арыз жазып, құжаттарды ретке келтіруді жоспарлап отыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір