Мемлекеттің ар-ожданы – Ата Заң, ал оны қадір тұту – бірінші парыз

Мемлекеттің ар-ожданы – Ата Заң, ал оны қадір тұту – бірінші парыз
Ⓒalmaty-akshamy.kz

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата заңы. Осыдан 22 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді.

Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп басталады. Бұл – мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.

Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Ата заңымыздың өзгешелігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін, билік тармақтарын бекітіп, «байырғы қазақ жерінде мемлекет құрылғанын» жария етті. Конституция бізге, адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік береді. Сондықтан құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның мызғымас беріктігі, ұлттық идеологияның негізі және түп қазығы екенін мойындауымыз керек.

Татулық пен бейбітшіліктің мекені болып табылатын кең байтақ елімізде жүздеген ұлттар тұрады. Бүгінде олар достық туын жоғары көтере біліп, Қазақстан мемлекетінің экономикасын өркендетуге орасан еңбек сіңіріп келеді. Мұндай жетістіктерге халық пен мемлекеттік билік бірлігінің және де Ата заңымыздың мызғымастығының бірден бір кепілі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен қажырлы еңбегінің, алғыр басшылығының арқасы деп айтсақ артық болмас.

Конституция қабылданғаннан бергі уақыттағы тарихи өлшемдер біз үшін бүкіл өткен жолымызды таразылап, ой елегінен өткізуге толық мүмкіндік беретін белгілі бір үлкен кезең болып табылады. Ол Парламенттің рөлін көтеруді, оның үкіметке ықпал жасау және бақылау жасау тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз етті. Елімізде жергілікті өзін өзі басқару органдарының дамуына ойдағыдай жағдай туғызылды. Сайлау жүйесін реформалау, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған маңызды тарихи қадамдар жасалды. Қазіргі кездегі Қазақстан нағыз шын мәніндегі бірден бір президенттік-парламенттік республикаға айналып отыр. Бұл істегі Конституцияның алатын орны мен ел өміріндегі атқаратын рөлі уақыт өткен сайын тұғырлана түсіп, әлеуеті ұлан-ғайыр бола түсуде.

Еліміздің осы негізгі Заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған бұл Ата Заң адамдардың барлық азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың өздерінің мемлекеттің сенімді қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды. Осы арқылы қазірде бүкіл қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үрдісі де жүзеге асырылуда.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің өткен жылдардағы бір Жолдауында «… саяси жаңару процесі ең әуелі биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделін күшейтуді талап етеді. Мұны қолданылып жүрген Конституцияның шеңберінде атқарған жөн және солай істеу қажет. Конституцияның әлеуеті әлі де толық пайдаланылып біткен жоқ» деген болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңде қазақ елінің бірден бір мызғымас бірлігінің символы және оның заңдық тұрғыдан алғандағы құқықтық қамтамасыз етуші құжаты болып отыр. «Бірлік бар жерде тірлік бар», демекші бұл дүниеде тату-тәтті тіршілікке, ынтымаққа жетер ештеңе де жоқ. Демократиялық құқықтық мемлекет құру жолындағы Конституцияның өміршең болатындығы ешқашан да күмән туғызбайды. Еліміздің заңдарын өмірге келтіруде зор еңбектер сіңірген көрнекті заңгер Сұлтан Сартаев былай деген болатын: «Тәуелсіздік алған елге бірлік керек. Заманымыздың қиыншылығына қарай ақылдан бұрын ашу жүрмесін. Ашу кернеп, жалаң тілді алға салмайық. Әр істеген ісімізде ой қорытындысы, парасаттылық болсын. Әлеуметтік, саяси, экономикалық бостандықты орнықтыру, жаңалыққа жол ашу үшін күпірлі сөзден аулақ болып, дүбірлі ортақ істің бабын баптап, халқымыздың қажыр-қайратын жасампаздық арнасына бағыттап, ел алдындағы парызымызды орындайық, қарызымызды қайтарайық», - деген болатын. Иә, осындай ұлы мақсаттарды орындау жолында жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтіндей неғұрлым ізгілікті жетістіктерді пайдалана отырып, Конституциямыздың әлеуетін арттыра берсек дейміз.

Олай болса, енді санаулы күндерден кейін яғни, 30 тамызда осынау Ата Заңымыздың абыройын асқақтатар мереке еліміздің барлық өңірінде жоғары деңгейде аталып өтілмек. Cондықтан, мереке қарсаңында бiз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілердің арасында “өміріміздің тірегіне айналған басты құжат Конституциямыздың бүгiнгi мәртебесi қандай? Тәуелсiз елiмiздiң қарыштап дамуына қай заңның шарапаты көп тидi? Жалпы, Ата Заңымыздың мемлекетiмiздiң өсiп-өркендеуiне қосқан үлесi қаншалықты?» деген ақпараттық-насихаттық және танымдық мазмұндағы ақпараттық сабақ, жиын-шараларды жиі өткізбекшіміз.

Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Халықаралық қауымдастық мойындап, Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституцияның да өз тарихы бар. Ол Елбасы атап өткендей, бірнеше қиын экономикалық, саяси және идеологиялық кезеңінен өтті. Елбасы жаңа Қазақстан мемлекетін орнату кезеңінде жиырма бес жылдық тарихымыздағы ұлы оқиғалардың қайнаған өзегінде жүріп, салиқалы да сындарлы шешімдер қабылдап, халқын кемелдікке жеткізуге ұмтылған қазіргі заманның ең көрнекті реформаторлары қатарына енді. Жиырма бес жылдық қысқа мерзім ішінде жаңа мемлекеттің туын тігіп, тұғырын биіктетті.

Генерал-майор Қайрат АҚТАНОВ,

Қазақстан Респубикасы Ұлттық ұланы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы,

Алматы қаласы

                                                                    

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Түркістандағы тек Маминге арналған "мәр-мәр тас" (видео)
    24/05 10:40 0 47
    2
    Назарбаев пен Тоқаев қалай танысқан?
    24/05 10:27 0 82
    3
    Димаш Құдайберген алғашқы жеке альбомы қашан шығатынын хабарлады
    24/05 09:23 0 30
    Отбасылы әйелді өлімге душар еткен молда соттала ма, жоқ әлде ақтала ма? (фоторепортаж)
    24/05 02:04 0 786
    ШҚО әкімшілігі Аxметов айтқан 40 мың гектар жер туралы түсінік берді (Видео)
    23/05 21:59 0 2912

    Таныстырылғандар

    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Шешінген судан тайынбас: Порошенко биліктен кетпеймін деп отыр
    Ол 2024 жылы болатын келесі президент сайлауына міндетті түрде қатысатынын айтқан.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:49 0 1264
    Трамп Зеленскийге хат жолдады
    Трамп Зеленскийге хат жолдады
    Трамп Зеленскийге хат жолдады
    Бұл туралы Американың энергетика министрі 20 маусым күні Зеленскийдің Жоғарғы рададағы инаугурациясынан кейін атты.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 17:14 0 863
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада тағы бір өрт: ірі авто орталық отқа оранды
    Кемеровада Hyundai және Skoda автосаландары өртке оранды
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 23:03 0 312
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 11:47 0 253
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    Өскеменде елімізде тұңғыш рет "Рамазан ата" жобасы жүзеге аса бастады
    «Рамазан ата» өкілдіктен ұйымдастырылатын барлық қайырымдылық шараларына қатысады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 17:40 0 311
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Владимир Зеленскийдің штабы Донбасс мәселесі бойынша Ресеймен бірге референдум өткізу туралы ой толғауда
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:47 0 795
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Ляшко Зеленскийдің оққағарларымен қақтығысып қалды (видео)
    Олег Ляшко президентпен өткен жабық жиыннан Facebook-ке тікелей трансляция қосқаны үшін оққағарлардан ескерту алды
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 10:40 0 2653
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Өмір үшін күрестен шаршаған қыз Қазақстанға қайта алмай отыр
    Шетелдік дәрігерлер де 4-дәрежеге дейін асқынған дерттің дауасын таппады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 04:04 0 2531
    Жетістікке жету үшін  өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
    Жетістікке жету үшін өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
    Жетістікке жету үшін өнімді жұмыс істеудің 10 қағидасы
    Осы қағидалар ішінен өзіңіздің бойыңызда бар әрекеттерді байқаған болсаңыз, онда осы қағида міндеттеелерін орындап көрсеңіз болады.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 04:44 0 316
    Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
    Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
    Әкесін өлтірген өзбек жігітін ұрғаны үшін қазақ баласы сотталуы мүмкін
    Ол заң алдында адам денсаулығына залал келтіргені үшін жауап бермек.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 04:48 0 3733
    Аңызға айналған  Марадонаны полиция  неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Олива ханым, әйгілі футболшыдан әлгі ақшаны өндіріп алу үшін сотқа шағымданған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 06:05 0 1403
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Қытай компаниясы Қазақстан заңнамасын белшеден басты
    Бауыржан Юсупов бұрғылау бригадасының инженер-технологы қызметін қайтару үшін адвокат жалдап, сотта өз құқығын қорғап шығуға барын салған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 11:07 0 5844
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    Қуат Хамитов қарымта жекпе-жекетің өтетін орны мен күні туралы да мәлімдеген.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 16:03 0 1376
    Маралтай  Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
    Маралтай Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
    Маралтай Райымбекұлының мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті
    Поэзия мерекесі   ең алдымен Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан бастау алды.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 17:39 0 122
    Назарбаев пен Тоқаев қалай танысқан?
    Назарбаев пен Тоқаев қалай танысқан?
    Назарбаев пен Тоқаев қалай танысқан?
    Назарбаев: Оны жан-жақты зерттеу қажет, дос ретінде, жолдас ретінде, неге қызығатынын білу керек
    24/05/2019 10:27 0 86