• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:27:55
Алматы
+35°

Ақтөбе қаласында сал ауруына шалдыққан мүгедек жандарға арнап коттедж қалашығы салынуы мүмкін деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Ақтөбе" арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бас қосуында айтылды. Қазір өңірде 26 мыңға жуық мүгедек бар. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығына күніне 5-6 адам көмек сұрап келеді. Сондықтан орталықпен тығыз байланыс орнатқан 15 үкіметтік емес ұйымның жұмысын жетілдіру көзделіп отыр. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтар осындай ұйымдардың да көмегіне жүгінуі тиіс.

Бір қуанарлығы, соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен жобалар қолға алынған. Алда мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу жоспары бар.Біздің жаңалықтар барлық жерде қолжетімді.

"2012-2018 жылдардағы жоспар бойынша іс-шаралар жүзеге асты. Ендігі жұмыс жобасы 2025 жылға дейін жүзеге асады. Яғни, барлық мүгедек азаматтар - белгілі бір қоғамдық бірлестік мүшесі. Мемлекеттік тарапынан бекітілетін жоспармен таныс болуы керек тиянақты түрде", - дейді қалалық Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы жетекшісінің орынбасары Гүлмейрам Сражева.

Меценаттардың, қалталы азаматтардың көмегімен тұрғызу жоспарланған коттедж қалашығы аталмыш дертке шалдыққандарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттырары сөзсіз.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір