• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:10:52
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2017 NEWS

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕНСІНБЕЙТІН ҚАЗАҚСТАН БАНКТЕРІ

«Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің - мәңгілік тіліне айналды...

«Қазақ тілі ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ол қазақ тілі Мәңгілік Елдің - мәңгілік тіліне айналды. Тіл мәселесін біз даудың емес, ұлттың ұйытқысы үшін пайдалануымыз керек»

Н. Ә. Назарбаев

Қашанда экономика кімнің қолында болса билік те, мансап та, сөз де соның қолында. Қазақстандағы банктердің ақпараттық менеджментін қарап отырып жағамды ұстадым. 4 күн бұрын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне байланысты мақала жаздым. Мақаламды qamshy.kz-те көтерілген мәселенің оң шешімін табатыны туралы жақсы жаңалықпен бастайын.

«Qamshy.kz» ақпарат агенттігінде 26 мамыр күні «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ ТЕК ОРЫСТАРҒА АРНАЛҒАН БА?» атты мақала жарық көрген болатын. Аталған мақала Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мемлекеттік тілге немқұрайлы қарап отырғанын, банк тұтынушыларының интернет бетіндегі «жеке кабинет» бөлімі тек орыс тілінде қызмет ететінін мәселе етіп көтерген еді.

Бүгін «Qamshy.kz» редакциясына хабарласқан Банктің баспасөз хатшысы Айбар Олжай ресми түсініктеме берді. Ол өз сөзінде «сайт көтерген мәселені банк басшылығы жақсы сын ретінде қабылдағанын, осыған орай нақты іс-шара қабылданғанын, 10 маусымға дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сайтында барлық функцияларға қазақ тілі беті қосылатынын» жеткізді.  

Елбасы Назарбаев 20 сәуірде зиялылармен кездесуінде Қазақстан халқының 70 пайызы қазақтар екенін айтқан болатын. Статистика комитеті берген мәлімет те бұны қуаттайды. Ендеше Тұтынушыларының басым бөлігі мемлекеттік тілде сөйлейтін банктердің басқа тілдің мәртебесін үстем етіп қоюы да ешбір заңға симайды. Банк қызметіне жүгінбейтін бірде бір адам жоқ. Демек қоғамның сөйлеу тіліне де барлық банк ықпал етеді.

Банктер ішінде бас беті қазақша ашылатындар үшеу ғана:

http://qazaqbanki.kz/

http://nurbank.kz/

https://halykbank.kz/

Осы орайда басқа банктерді де мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырамыз. Атап айтқанда төмендегі банктердің бәрінің бас беті орыс тілінде ашылады:

http://www.kaspibank.kz/

http://qazkom.kz/

https://www.bankrbk.kz

https://www.eubank.kz/

https://forte.bank/

http://www.altynbank.kz/

http://www.sberbank.kz/ru/individuals

https://homecredit.kz/

http://www.kzibank.kz/

https://www.tsb.kz/

https://www.bcc.kz/

http://www.vtb-bank.kz/

https://www.bankastana.kz/

https://www.atfbank.kz/

https://tengribank.kz/

http://www.deltabank.kz/

http://www.asiacreditbank.kz/

https://www.hcsbk.kz/

Call Center-леріне қоңырау шалсаң міндетті түрде орысша жауап беретіні тағы бар... Ең сорақысы осы банктерге ие болып отырғандардың бәрінің билік иерархиясының ең жоғары сатысындағы адамдар екендігі...

Ақан Бектас

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір